Көпбалалы отбасыларға 2%-бен үй беріледі

0
34

Көпбалалы отбасыларды пәтермен қамту туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы есеп бөлімінің басшысы Ермек Әміров айтты.
Қала әкімінің биылғы есепті кездесуінде «Ба­қыт­ты отбасы» әлеу­мет­тік бағдарламасы жүзеге асатыны жайлы айтылған болатын. Бағдарлама аясында отбасылар 10% ал­ғашқы жарнамен 18 жыл­­ға 2%-бен пәтер ала­тын болады. Ол үшін жер­­гі­­лікті бюджеттен 1 млн тең­­ге­нің сертификаты бе­рі­леді.
– Бұл бағдарлама жаса­лып, аяқталып қалды. Жа­­қын күндері толық жа­рияланады. «Бақытты от­басы» бағдарламасы қа­ла әкімдігі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі­нің көмегімен көпба­ла­лы от­басыларды қол­дау­ға ар­налған, – деді Ермек Әмі­ров.
Ол ҚР Заңнамасына сәйкес көпбалалы отбасына 4 баладан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар жататынын ескертті. Қазір үй алу кезегінде 1276 отбасы тұр.
– Бұл бағдарлама бойынша мұқтаж отбасылар қаланың кез келген нүктесінен құны 15 млн теңге көлеміндегі үйді ала алады. Әкімдік әр отбасыға 1 млн теңге кө­лемінде сертификат бө­ле­ді, – деді Ермек Әміров.
Оның айтуынша, баспана алу процедурасы eGov электронды порталында ашық жүргізіледі.

Гүлмира Ғосманәли

Жауап қалдыру