Ұйымдастыру – сапалы білім кепілі

0
184

1-12 сәуір аралығында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ әдіскер-оқытушыларға «Білім беру ұйымдары, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлерінің және облыстық білім беру басқармаларының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдерінің қызметкерлерінің қызметіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу» тақырыбында біліктілік арттыру курсын ұйымдастырды.
Курсты «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ штаттан тыс тренері Г. Боранбаева өткізді. Семинар барысында «ТжКБ жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру жүйесінің қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар» 1 модуль бойынша таныстырылды. Таныстырылу барысы топтарға бөлу арқылы жүргізілді. Келесі күндері «Инновациялық білім беру технологиялары негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын құру әдіснамасы және әдістері» пресс-конференция түрінде жаңа модуль түсіндірілді. Бұл тақырыпта дуалды оқыту, модульдік оқыту, кредиттік модульдік технология, қолданбалы бакалавриат, оны енгізудің жолдары, инклюзивті білім беру, CLIL, BOOPS және TBLT әдістемесі туралы айтылды.
Біліктілік арттыру курсы барысында «Инновациялық білім беру технологияларын енгізудің ұйымдастырушылық әдістемелік аспектілері және кейіннен қолдау көрсету», «Модульдік – құзыреттілік тәсіл негізіндегі білім беру бағдарламаларын ТжКБ ұйым­дарында іске асыру ке­зіндегі оқу-жетістіктерін жә­не жоспарланған нәтиже­лерді бағалау әдістері және нысандары» тақырыптары мен оқушылардың оқу жетіс­тіктерін өлшемді бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері, қолданбалы бакалавриатты енгізу (талдау, бағдарламаның маңызы, Колледж – ЖОО байланысы, оқыту мерзімі бойынша ұсыныстар), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі өзгерістер жөнінде сұрақтар қарастырылды.
Әр күннің қорытындысы ретінде рефлексия жүргізілді. Курс соңында әдіскер-оқыту­шыларға сертификат берілді.

Толқын ШӘБДЕНОВА,
«Жамбыл атындағы
Ұзынағаш кәсіптік колледжінің»
әдіскері

Жауап қалдыру