Иранда қаралы күн жарияланды

0
38

Иран үкіметі 24 қыркүйекті Ахваз қаласындағы әскери парад кезінде терактіден қаза болғандарға арнап ұлттық қаралы күн деп жариялады. Ел билігі әлемдік қауымдастықты қайғылы оқиғаға қатысы барларға қарсы тиісті шаралар қолдануға шақырды.
Еске сала кетсек, сенбі күні таңертең белгісіз біреулер парадтағы көрермендер арасынан халыққа қарай оқ атты. Салдарынан 28 адам қаза тапты және 60 адам зардап шекті. Арасында балалар мен аналар бар. Шабуыл жасаған 4 адамды құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарсы оқ атып, тоқтатты.
БАҚ таратқан мәліметтерге қарасақ, те­рак­тіге жауапты Сауд Арабиясымен байла­нысты «Ахваздағы патриоттық араб де­мократиялық қозғалысы» ұйымы өзіне алды.

Жауап қалдыру