Германияда жаңа президент сайланды

0
134

Германияның жаңа президенті болып бұрынғы сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер сайланды деп хабарлайды Bild. Бұл шешім Федералдық кеңесте қабылданды.

Кеңес төрт жылда бір рет президент сайлау мақсатында шақырылады. Кеңеске дауыс беру құқығына ие 1260 делегат қатысады. 1239 дауыстың 931 дауысын Франк-Вальтер Штайнмайер жинады. Ал президент болу үшін делегаттардың 631 дауыс жинау қажет болатын.
Ангела Меркель ресми түрде билеуші коалиция атынан президент лауазымына Франк-Вальтер Штайнмайерді ұсынған болатын. Саясаткерлердің айтуынша, Штайнмайер саясатта тұрақтылық орнатуы тиіс. Меркель оның ел іші мен шет елдерде беделі жоғары екенін және ең бастысы ымырашыл екенін атап өтті.

Жауап қалдыру