«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі көрсеткіштері

0
65

Медициналық қызмет­тердің сапасы – халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды құрамдас бөлігі. Пре­зиденттің «Қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың нақты міндеттері айқындалған. 2018 жылы мақсатты индикаторларға қол жеткізу үшін қандай жұмыстар атқарылып, әрі Мемлекет басшысының тапсырмалары қалай іске асып жатқаны туралы РrimeМinister.kz материалының ықшам­далған нұсқасынан оқыңыздар.
2016 жылы Қазақстан ден­саулық сақтау саласында ЭЫДҰ елдерінің стан­дарт­тарын біртіндеп енгізуді көздейтін денсаулық сақтау жүйесін дамытудың «Ден­сау­лық» мемлекеттік бағдар­­ламасы қолға алынды. Бағдарламаның басты мақ­саты – 2020 жылға қарай Қа­зақстан халқының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұзарту.
Бағдарлама жүзеге асы­рылған бір жылдың ішінде қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2016 жылмен (72,4) салыстырғанда 0,8%-ға артты. Осылайша, 2017 жылы Қазақстан Республикасында өмір сүру ұзақтығы 72,95 жасқа жетті. Бұл көрсеткішті 2019 жылы 73,13 жасқа дейін жеткізу мүмкін екендігін көрсетіп отыр.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫН АРТТЫРУ

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жол­­дауын жүзеге асыру ая­сында алғашқы меди­цина­лық-са­нитарлық көмек (бұдан әрі – АМСК) сапасы мен қол­же­тімділігін арттыру бо­йынша бірқатар шаралар қабыл­­дануда.
Денсаулық сақтауды да­мы­­тудың 2016-2019 жыл­­­дарға арналған «Ден­сау­лық» мемлекеттік бағ­дар­­­ла­­ма­сы учаскелік дәрі­гер­дің жүктемесін азайтуды көз­дейді. 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бо­йын­ша бір жалпы практика дәрі­геріне тіркелген халық­тың орташа саны 8,3%-ға азайып, 1 901 адамды құрап отыр. Жүктемені одан әрі тө­мендету үшін жалпы прак­тик дәрігерлердің 247 учаскесін ашу жоспарлануда. Медициналық қолжетімділікті арттыру мақсатында халық­тың тұрғылықты жеріне жа­қын орналасқан шағын АМСК жобалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ар­қылы дамымақ.
ҚР Денсаулық сақтау ми­нис­­трлігінің ақпа­ратына сү­йен­­сек, жедел меди­ци­на­лық жәрдем қызметін жаң­ғырту арқа­сында бригадалар 7 минутқа ертерек жететін бол­ды. Осылайша, бү­гін­де бұл уақыт – 18 минутты құ­райды.
Денсаулық сақтауды да­мы­тудың 2016-2019 жыл­­­­­дарға арналған «Ден­саулық» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында халықпен кері бай­ланыс орнату мақса­тын­да үкіметтік емес ұйым­дардың халықтың ме­ди­цина­лық қыз­меттер са­па­сына қана­ғаттану дең­гейін баға­лауы бойынша әлеу­меттік зерт­теулер жүргі­зуі қарас­тырылған.

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ БАСҚАРУ – АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРУ
Қазақстанда халық­ара­лық тәжірибе негізінде ауру­лардың алдын алу және ден­сау­лықты нығайтудың қолжетімді және тиімді тетік­терін құру мақсатында Қо­ғам­дық денсаулық сақтау қыз­­меті құрылды. Қызмет әлеуетін нығайту мақсатында 2018 жылы Қоғамдық ден­сау­лық сақтау ұлттық орта­лығы құрылды.
Қоғамдық денсаулықты бас­қарудың 2018-2021 жыл­дарға арналған шара­лар жоспары бекітілді. Бұл іс-шаралар нормативтік құқықтық актілерді әзір­леуге, сектораралық өзара іс-қимылды дамытуға, балалар мен жастардың репродукциялық және менталды денсаулығын нығай­туға бағытталған мектептік медицина мен ортаны дамыту, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алуға, дұрыс тамақ­тану мә­дениетін қалып­тастыру, ғылы­ми зерт­теулер жүргізіп, маман­­дарды даярлауды қарас­­­тырады.
Елімізде бірыңғай денсау­лық сақтау жүйесі құ­рыл­ды. Азаматтардың ден­саулы­ғы­н қорғаудың тиімді ша­ра­­ларының бірі ретінде тұрақты түрде өткізілетін скринг­терді атауға болады. Түбі мүгедектік пен өлімге соқ­тыратын ауруларды ерте анықтау үшін Ұлттық скри­нинг бағдарламасы жү­зеге асырылуда. 2017 жылы ха­лық­аралық сарап­шы­лар­дың ұсыныс­тары еске­ріліп, тексерістен өтетін халық тобының жасы 70 жасқа дейін ұзартылды, скри­нингтік тексерудің саны кө­бейді, 2022 жылға қарай мақ­сатты топтарды қамту деңгейі 70%-дан 90%-ға дейін артпақ.

2018 жылдың 9 айында мақсатты топтар арасында 9 481767 скринингтік зерттеу жүргізілді, 714 945 сырқат анықталды, диспансерлік тіркеуге 341 503 адам алынды. Атап айтқанда, тексерілген балалар саны – 3 998 813, сырқат анықталғаны – 454 797, диспансерлік тіркеуге алынғандар саны – 140 927.
Қатерлі ісіктерді ертерек анықтау арқасында бұл кеселден болатын өлім са­ны азайды. Жалпы, он­коло­гия­лық аурулар­мен күрес бо­йын­ша кешенді жоспар қа­был­данып, ғылы­ми онко­ло­гия­лық орта­лық құрылды. Бұл тұс­та, халық­аралық озық тәжі­ри­белерге негізделген онко­логиялық ауруларды ерте диагностикалау мен емдеуге ба­са назар аударылатын болады.
Мемлекет басшысының Ұлт­тық ғылыми онколо­гия­­лық орталық салу туралы тапсырмасын орындау үшін 2018–2020 жылдарға ар­­налған жобаны жүзеге асы­­рудың жол картасы бекі­тілді, ұсыныстар әзір­леу үшін тұрақты жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уа­қытта жобалау ұйы­мы таң­­да­лып, жобалық-сме­та­лық құ­жаттама әзір­ле­ну­де. Ұлт­тық ғылыми он­ко­­ло­гия­лық орта­лықты заманауи ме­ди­цина­лық-диаг­­нос­тика­лық құрыл­ғы­лар­­мен жаб­дықтау үшін мем­­­ле­кет­тік-жекеменшік әріп­­тестік тетіктерін пайдалану жос­парланып отыр. Ынты­мақ­тастық туралы тиіс­ті ме­мо­рандумдарға қол қо­йыл­­ды.
2015 жылдан бастап пи­лоттық тәртіпте, ал 2018 жылдан бастап барлық өңірлерде кәмелетке толма­ғандар арасында суи­цидтің алдын алу бағ­дар­ламасы іске асырылып жатыр. Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші соңғы үш жылда 30%-ға азайды.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ішінде жалпы білім беретін ұйымдардағы оқушылардың үш жас тобына (7-10 жас, 11-14 жас аралығы және 15-18 жастағылар) ар­налған 4 апталық тамақтану мәзірі бар «Оқушылардың та­мақ­тануының бірыңғай стандарттары» әдістемелік нұс­қаулары дайындалды.
ҚР ДСМ мәліметі бойынша, дайындалған мәзірдің артықшылығы – басты азық-түлік заттары (ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттар) мен энергияның үйлесімдігінде; көкөніс, жеміс-жидек, балық, сүт өнімдері қосылған мәзірдің түрлілігі; Тамақтану рационы тек денсаулыққа пайдалы тағам дайындау әдістерін ұсынады (қайнату, бумен пісіру, бұқтыру).
Сонымен бірге, мектептік медициналық қызмет көр­сетуде ортақ тәсілдерді қалыптастыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі салалық ғылыми орталықтармен бірге мектептік медициналық қызметтерді ұйымдастыру бойынша нұсқаулық әзірледі.
Тамақтану рационына жар­на­маның әсерін ескере оты­рып, Денсаулық сақ­тау министрлігі халыққа са­лауатты өмір салтын қалып­тастыруды түсіндіру жұмыс­тарының тәсілдерін өзгертті. Осылайша, 2018 жылы 29 ұлттық бағдар­лама жүзеге асырылды. Онда 3 жастан асқан баладан бастап 64 жастан асқан адамдар қамтылған 7 мақсатты топқа баса назар аударылған.

Жауап қалдыру