Денсаулық – басты бағдар

0
119

Денсаулық – басты бағдар
Мемлекет басшысының биылғы жолдауында елі­міздің денсаулық сақтау жүйесі алдына нақты мін­деттер қойылды. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау сала­сы қымбат стационарлық емге емес, аурулардың ал­дын алуға бағытталуы тиіс екені айтылды. Қоғамдық ден­саулық саласын басқаруды күшейту, саламатты өмір салтын насихаттау, жастардың репродуктивті ден­саулығын сақтау және нығайту тапсырылды.
Қазіргі таңда әлемде, оның ішінде денсаулық сақтауда инновациялық технологиялар тез дамуда. Заманауи технологиялар халыққа медициналық қызмет көр­сету үлгілерін өзгертеді. Пре­зидент денсаулық саласында онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет екенін айтты. Сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жү­йесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді тапсырды. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолда­нудан негізгі созылмалы ауру­­ларға қашықтықтан диагнос­тика жасап, осы сала­ны амбулаторлық емдеу ар­қылы басқаруға көшу қа­жет екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Жол­дауда Президент тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеуді міндеттеді.
Медициналық кадрлар­мен қамтамасыз ету және олар­ды сапалы даярлау ма­ңызды мәселе. Ақпа­рат­тық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қо­сым­шаларды қолдану, элект­рондық денсаулық пас­­портын енгізу, «қағаз қол­­дан­байтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық кө­мектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет екендігін де президентіміз атап өтті. Сонымен қатар медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек.
Елбасы Жолдауына байланысты елордамызда 2025 жылға дейін 10 емхананы ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Сарыарқа ауданында көпбейінді жаңа аурухананың құрылысы жос­­парға енгізілді. Келешекте де Жолдауда берілген бағыттар бойынша бірқатар тапсырмалар жүйелі түрде жоспарланып отыр. Елбасы тапсырған жұмыстарды сапалы түрде атқарып, еліміздегі медицина саласын әрі қарай қарқынды дамыту біздің міндетіміз.

Тимур МҰРАТОВ,
Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы»
МКК – Бас дәрігері

Жауап қалдыру