Денсаулық – басты бағдар

0
39

Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елба­сының дәстүрлі Жолдауының негізгі өзегі – барша қазақстан­дықтардың әл-ауқатын арт­тыру, жақсарту екені сөзсіз. Демек Елбасының Жолдаулары – өркендеуші еліміздің жаңа белеске көтерілуіне және кемел келешегіне айқын бағыт-бағдар нұсқаушы даңғыл жол болмақ. Сондықтан да Мемлекет басшысы Жол­дауында әлеуметтік мәселе­лер­ге айрықша мән беріп ерек­ше атап айтты.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Қазақстан Республикасы болашағының сапалық деңгейде көтерілуіне жол ашатын бағыттар көрсетілгені баршамызға мәлім. Оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуды көздеп отыр. Сонымен қатар, қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталып, оған жетудің нақты міндеттерін белгілеп берді. Ең алдымен әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет деп тапсырды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар ме­дициналық құжаттарды қағаз­сыз, цифрлық нұсқада жүр­гізуге көшу қажет екенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақ­стан» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізілмек. Оны жетілдіру мақсатында медицина қызметкерлері жұмыстарының есебін, жоспарын қағаз күйінде емес, электронды нұсқа түрінде де тапсыра алады. Бұл дегеніміз, озық технологияның дамып, жоғары деңгейде жұмыстар жасалып жатқандығының айқын бейнесі. Елбасының жолдаған Жолдауын сапалы әрі үлкен жауапкершілікпен атқарар болсақ, дамыған 30 елдің қатарынан көрінетініміз айдан анық.
Сонымен қатар, келер жылы алғашқы медициналық-сани­тар­лық көмек көрсететін қызмет­кер­лерді ынталандыру үшін ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жа­ла­қысын көбейту көзделіп отыр.
Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы ең алдымен біздің мемлекеттің дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралуға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Оларға қарап күтілетін нәтижелерді де бағалауға болады.

Доғдыргүл МОЛДАҚАЛЫКОВА,
Алматы облыстық мәслихатының депутаты,
Жамбыл аудандық орталық ауруханасының Бас дәрігері

Жауап қалдыру