Дәрігерлерге автокөлік берілді

0
79

Бүгінгі күні Алматы облысында халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар неғұрлым ықпалды жүргізілуде. Бұл мақсатта 822 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді. Емдеу орындарында 5309 дәрігер мен 14047 медбике тұрғындарға қалтқысыз қызмет етуде.
Өткен бейсенбі күні Талды­қорған қаласындағы І Жан­сүгіров атындағы Мәдениет са­ра­йына облыс әкімі Амандық Ба­та­лов арнайы келіп,  ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтады.
– Қазақстан Республикасы­ның Президенті – Елбасы Нұр­­сұлтан Назарбаевтың: «Ұлт денсаулығы – біздің жар­қын бола­шағымыздың негі­зі» деп атап көрсеткеніндей, ден­­сау­лық сақтау саласы – мем­лекет­­тік саясаттың басым бағыт­тары­ның бірі. Сондықтан да жер жәннаты – Жетісу халқы­ның денсаулығын сақтау, оларға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, саланы материалдық-техникалық жағынан жабдықтауға баса назар аударылып отыр. Осы мақ­сатқа жыл сайын облыстық бюд­жеттен қажетті мөлшерде қолдау көрсетілуде. Атап айт­қанда, 2016 жылы денсаулық сақтау саласына 80,9 млрд теңге бөлінді. Ал, биылғы жылы оның көлемі 83,6 млрд теңгеге жетті. Соның нәтижесінде емдеу мекемелерін қазіргі талапқа сай, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жағдай жасалуда, – деді өңір басшысы жиналғандар алдында.
Иә, жәннатты аймақта халық­қа қызмет көрсететін ауруханалар мен емдеу мекемелерінің жаңа­дан салынған көркем ғи­марат­тары бой көтеруде. Өткен жылы Талдықорғанда қала­лық көпсалалы аурухана салынып, пайдалануға берілді. Елбасы Жетісуға жасаған ресми сапары барысында аурухананың жұмысымен танысып, өз риза­шы­лығын білдірген болатын.
Талдықорғанда орналасқан медицина мекемелері топтасқан 3 қалашық облыс орталығының көркін ашып тұр. Алдағы екі жылда өңірде 22 денсаулық сақтау нысанын салып, қолда­нысқа беру жоспарланып отыр. 2016 жылы 2,5 миллиард теңгеге 123 медициналық құрал-жаб­дықтар алынып, науқастардың игілігіне жұмыс істеуде.
Сонымен бірге, жоғары сапалы медициналық көмек көр­сететін жекеменшік денсаулық сақтау мекемелері ортақ мүд­деге сенімді үлес қосуда. Олар­дың қатарында «Нұр-Ави­ценум», «ХАК», «Ай-Ди-Се­нім», «Көксу-Мед» сынды ем­деу орындарын атауға болады.
Облыста «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылып келеді. Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыруды, медициналық қызметтер сапасының бірегей стандарттарын, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу, ана мен бала денсаулығын сақтауды күшейту, жеке ме­дицинаның дамуына жағдай жасау медицина қызметкерлері ал­дында тұрған кезекті міндеттер қатарында.
Соңғы жылдары медицина қызметкерлерінің білімділігін мен біліктілігін арттыруға жағдай жасалуда. Бүгінгі күні 50-ден астам дәрігерлер Ұлыб­ритания, Израиль, Корея және Ресейде білімін жетілдіруде.
Облыс әкімі медицина саласында көп жылдар бойы жұмыс істеген ардагерлер мен бүгінгі күні халыққа қызмет көрсетуде мінсіз еңбек етіп жүрген аза­маттардың есімдерін атап көр­сетіп, оларға жауапкершілігі мол жұмыстарына сәттілік ті­ле­ді.
Салтанатты шарада облыс әкімі А. Баталов үздіктерге облыс әкімінің «Құрмет грамота­ларын», «Алғыс хаттарын», Қазақстан Республикасы ден­саулық сақтау минист­рлі­гінің «Еңбек ардагері» медалі мен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  төсбелгісін және ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Аталған сала бойынша ұйым­дастырылған негізгі 8 ата­лым бойынша жеңімпаз атан­ған емдеу мекемелері мен жеке адамдарға ақшалай сый­лық­тар берілді. Ал, «Алматы об­лы­сының үздік ауыл дә­рі­ге­рі», «Алматы облысының үз­дік дәрігері» номинация­ла­ры бойынша жеңімпаз атан­ған Еркін дәрігерлік амбула­тория­сының меңгерушісі Әс­кер­бек Оралбаев пен Іле аудандық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Айдын Елікбаевқа «Лада гранта» жеңіл автокөліктерінің кілттері табыс­талды.

Ғалым ЖАЗЫЛБЕКОВ.
«Президент және Халық»

Алматы облысы

Жауап қалдыру