Дәрігерлердің оқу мерзімін қысқарту ұсынылды

0
37

Денсаулық сақтау министрі дәрігерлерді дайындау жүйесіндегі реформа туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 88 жылдығына арналған мерейтойда Елжан Біртанов медициналық білім беру саласында ми­нистрліктің рөлі азаятынын айтты.
– Жұмыс істеп жатқан дәрігерге халықтың қажет­тілігін қамтамасыз ету үшін қандай білім керегін ға­лымдар мен оқытушылар шешеді. Бірақ бұл университеттер не істегісі келсе, соны жасайды деген сөз емес. Жоғары оқу орындары білім берудің жаңа модельдерін анықтап, идея алмасатын қосымша жаңа институттар құрылуы қажет. Университеттерге әлем­­­дік оқу-әдістемелік ке­ңес­­терінің базасы негізін­де өзін-өзі басқаратын ұйым құруды ұсынамыз, – деді Елжан Біртанов.
Бүгінде Қазақстанда 15 медициналық ЖОО бар. Олардың ішіне медици­налық университеттер де, медицина факультеті бар жоғары оқу орындары да кіреді.
– Біз 5+1 бағдарламасы бойынша оқу ұзақтығын 7 жылдан 6 жылға дейін қыс­­қартуды ұсынамыз. Солай­­ша медициналық білім­­­­нің тәжірибелік жа­ғын арт­­тырсақ, интерн­дер мен резиденттер көп уа­қы­­тын еліміздің кли­ни­ка­лық базала­рын­дағы ғана емес, университет қабыр­ғасындағы кли­ника­ларда да өткізер еді. Тәжірибе көр­сеткендей, тео­рия прак­тикадан басым бол­ғанда, жас дәрігерлер еңбек нары­ғына бейімделу кезінде қи­налады, – деді министр.
Екінші басты бағыт – кли­ни­калық базаларды дамы­ту. Министрліктің мәлі­ме­тінше, елдегі барлық ме­дициналық универ­ситет­тер­дің өз клиникалары бар.
– Биыл Алматыдағы 5 Ғылыми-зерттеу орта­лығын, клиникалық орта­лық­тарды универ­ситет құ­ры­­лымына бер­дік. Мұн­да ғылыми қызмет­кер­лер­ді білім беру бағдар­ла­­ма­ларына тартуға бола­­ды. Бұл өз кезегінде ре­зи­­­­денттердің біліктілігі жо­ғары маманнан білім алуы­на мүмкіндік береді. Сонымен қатар университеттерді басқару жүйесі де өзгермек. Корпоративтік бас­қару принципі енгізілді. Асфендияров университеті коммерциялық емес акцио­нерлік қоғамға айналды. Бұл оқу орнына еркін академиялық мүмкіндіктер береді және университет кірістері мен активтерін өзі реттей алады, – деді Е.Біртанов.

Таңшолпан БЕГАЛЫҚЫЗЫ

Жауап қалдыру