Дәрігердің еңбегі – күн сайынғы ерлігі

0
173

Алматы қаласында 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейтін қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы 1987 жылы «Отбасыға медициналық-әлеуметтік жәрдем» деген атпен консультативтік емхана ретінде дүниеге келген. Іс жүзінде ол адам­дарға репродуктивті денсаулық саласында меди­циналық көмек көрсететін мекеме болатын. Бұл ара­лықта мекеме толыққанды жұмыс жасайтын орта­лыққа айналды. Қазіргі кезде орталыққа меди­цина ғылымының кандидаты, денсаулық сақтау са­ласының магистрі Гауһар Жақашқызы Көшкім­бае­ва жетекшілік етіп келеді.
Орталықта белгілі бір салалар бойынша медици­на­­лық-генетикалық кеңес бе­ру, УДЗ-скринингін жүр­гізу бөлімшесі және де пренаталдық инвазивті диагностика жасау қызметі қарастырылған. Сондай-ақ медициналық-генетикалық кеңес беру бөлімшесі туа біткен не болмаса тұқым қуалағыштық патологияның алдын алу, әсіресе, оларды жүктіліктің ерте мерзімінде анықтау тиімділігін арттыруға жұмыс жасайды. Әйгілі орыс жазушысы әрі дәрігері Антон Павлович Чехов: «Дәрігер мамандығы – бұл ерлік, ол аянбай таза рухпен және адал пейілмен жұмыс жасауға шақырады» деген екен. Сондықтан орталықтың барша дәрігерлерін күн сайын ерлік жасап жүрген солдаттарға теңеуге болады.
Бөлімше меңгерушісі бі­рін­ші біліктілік санаттағы гене­тик-дәрігер Гүлнар Құрман­жанқызы Әбдрешева солар­дың бірі. Ол өзінің еңбек жо­лын 2006 жылы акушер-гинеколог болып бастаған. Ол генетик-дәрігер ретінде Акушерия және гинеколо­гия орталығында кәсіби маман­дығын жетілдіріп, бі­ліктілігін жоғарылатқан. Ке­йіннен медициналық-гене­ти­ка­лық кеңес беру бө­лім­­шесіне ауыстырылып, сү­йікті мамандығы бойынша жұмы­сын жалғастырып келеді.
Гүлнар Құрманжанқызы кәсіби деңгейде жиі қисынды бастамалар көрсетіп келеді. Жұмыс қабілеті жоғары, ма­ман­дығына бейім­ділігі­мен және мінезінің ұстам­ды­лы­ғымен ерекшеленеді. Жалпы мұндай әдептілік Орталық­тың барша дәрігерлеріне тән. Ізгі қарым-қатынас ана мен болашақ сәбидің репродуктивті денсаулығын қорғауға әрі шараларды сәтті жүзеге асыруда игі рөл атқарады.
Генетик-дәрігер саласының қажетті мамандық еке­нін ескере отырып, бөлім­ше меңгерушісі Г.Қ. Әбдре­ше­ваның перина­талдық ин­ва­зивті диагностиканы жүр­гізу түрлері мен әдістері Қа­ла­лық адам ұрпағын өрбіту орта­лығының жұмысын же­тілді­руге елеулі ықпал етіп келеді.

Ультрадыбыстық диагностика: қателесуге болмайды!
Ультрадыбыстық зерттеу бөлімшесінің меңгерушісі Вик­тория Олеговна Огай орталықта 2005 жылдан бері, бөлімше меңгерушісі ретінде 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді. Дәл сол жылы В.О. Огайдың жетекшілігімен қала бойынша жүктіліктің міндетті екінші ультрадыбыстық скринингі енгізілді.
Осылайша, УДЗ бөлімшесі Скирининг орталығының құ­рамына енгізіліп, бірінші скри­нинг жүргізу жүзеге асы­рылды. Осының арқа­сында патологиялық ауытқу­шылықтар ерте жүктілік ке­зінде-ақ анықталатын болды. Даму кемістігі қазаға соқ­тыратын жағдайлар, хро­мосомдық патологиясы бар балалардың туылуы азайды, әйелдердің босанатын мерзімі нақтыланатын болды, осының арқасында босанатын перзентхана таңдау мүмкіндігі оңды шешіле бас­тады.
Бүгінгі күні бұл бөлімшеде танымал да талантты 20 дәрігер жұмыс жасайды, ал жүкті әйелдердің 90% скринингті тексеріспен қамтылған. Осы кезеңге дейін В.О. Огай алыс және жақын шетелдерден тәжірибелі мамандар шақы­рып, Қазақстанның түк­пір-түк­пірінен келген дә­рі­гер­лерді пренаталдық ультра­дыбыстық диагнос­ти­ка­ға бай­ланысты білімдерін же­тілдіруге көмектесіп келеді.
Виктория Олеговна 2016 жылы «денсаулық сақтау ісінің магистрі» академиялық дәрежесіне ие болса, 2017 жылы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына пренаталдық ультрадыбыстық диагностика бойынша штаттан тыс маман болып белгіленді.
– Еңбек жолымның бастауында Елена Геннадьевна Руднева мен Ирина Анатольевна Дудко секілді тамаша әрі дана тәлімгерлерім бол­ды. Осы адамдарға әрқа­шан алғысымды білдіремін. Өз кезегімде мен де жұ­мыс тәжірибемді жаңа буын ма­ман­­дармен бөліскенді жөн кө­ре­­мін, – дейді ол.

Дәрігер – тек мамандық емес, ол – Өмір!
Орталықтың тағы бір мақтанышы акушерлік-гине­кологиялық бөлімшесінің меңгерушісі, бірінші біліктілік санатындағы дәрігер Динара Мәлікқызы Айдашева. Ол университетті тәмам­даған­нан соң интернатурада, И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік университетіндегі клиникалық ординатурада оқыған.
– «Егерде Сен бір нәрсеге қатты қызығып армандасаң, онда ол міндетті түрде орындалады» дейді ол. Динара Мәлікқызы медицина ғылымының докторы, профес­сор В.Е. Радзинский, Л.В. Адамян, Л.В. Попов және т.б. әйгілі профессорлардан үлгі-өнеге алғанын риза­шылықпен еске алады.
10 жылдан астам акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс жасаған Динара Мәлікқызы қарамағындағы дәрігерлермен орта және кіші медицина қызметкерлерін қосқанда, 29-30 адаммен оңтайлы ұжым құра білген. Медициналық персонал гинекологиялық ауруларды емдеуде шағын инвазивті шұғыл техноло­гия­лардың көме­гімен лапароскопия, гистерос­копия, әйел ағзасында жыныстық реконструктивті операциялар жасау секілді қиын да күрделі істермен белсенді айналысады.
Қорыта айтқанда Алматы қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы тұрғындардың сұранысы бойынша жан-жақты көмек жасайтын мекеме екендігін іспен дәлелдеп келеді. Бұған ем-домнан кейін ұрпақ сүйген жүздеген жандардың алғыстары дәлел.

Арай АХМЕТҚЫЗЫ.

Жауап қалдыру