Білім гранттарының тағайындалу тәртібі

0
143

2019 жылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде берілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейіндік пәндер комбинациясы­на сәй­кес бөлінетін болады. Білім беру бағдарлама­лары­ның тобына жоғары оқу ор­нының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Барлығы 97 білім беру бағдарламасының то­бы бар. Бейіндік пәндер ком­бинациясы сәйкес кел­ген жағдайда, білім беру гран­тын тағайындау конкурсында төртке дейін білім беру бағдарламасының то­бын таңдау мүмкіндігі бе­рі­леді. Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер комбинациясымен: 1) «Химия мұғалімдерін дая­рлау»; 2) «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»; 3) «Ветеринария»; 4) «Жалпы медицина» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдауға болады.
Егер шығармашылық даяр­лауды талап ететін бі­лім беру бағдарламасы то­бы таңдалса, білім беру гран­­тын тағайындау конкурсында бір білім беру бағдар­ламасының тобын таңдау мүмкіндігі беріледі. Мысалы, «Шығармашылық емтихан» + «Шығармашылық емтихан» комбинациясы­мен «Бастапқы әскери дайын­дық мұғалімдерін даяр­лау» сияқты бір білім беру бағ­дар­ламасының тобы таң­­далады. Білім беру бағ­дарламалары топтары­ның ті­зімі Ұлттық тестілеу ор­та­­лығының сайтында жа­рия­ланған (https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php).
Білім беру бағдарлама­лары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайт­тарында орналастырылатын болады.
Талапкер грант иегері бола отырып, жоғары оқу орнына қабылдау кезінде білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан нақты білім беру бағдарламасын таңда­ды. Мысалы, «Химия мұғалім­дерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері бола отырып, жоғары оқу орнына қабылдау кезінде талапкер «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай алады.

Жауап қалдыру