Бастапқы жарнасыз пәтер

0
76
Home, buy, sale.

Қазақстан ипотекалық компаниясы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі арасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен тұрғын үйлерді жалға беру туралы келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған келісімдер ар­қы­лы мұғалімдер мен медицина саласының қызмет­керлерінен бөлек министрліктер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тұрғын үй­мен қамту жоспарланған. Бағдарлама бойынша 3 мың пәтер беріледі деп күтілуде.
Тұрғын үйді жалдау мерзімі 20 жыл. Баспана бас­тапқы жарнасыз бері­леді. Тұрғын үйді кез келген уақытта және айып­пұл санк­цияларын қолдану­сыз мер­зімінен бұрын сатып алуға болады. Кіріс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл ретте бағдарлама бойынша жалгерлік төлемнің орташа айлық құны республика бойынша орташа бағадан төмен болмақ. Өтініш біл­діру­шілердің атында соңғы бес жылда тұрғын үй болмауы керек.
Пәтердің шаршы метрі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары үшін 260 мың теңгеден, өзге қалалар үшін 220 мың теңгеден аспауы тиіс. 50 шаршы метрлік үй шамамен 13 миллион теңге тұрады. Егер жалға беру мерзімі 20 жыл болса, ай сайынғы төлем шамамен 60-70 мың теңгені құрамақ. Пәтерді рәсімдерде 1 пайыздық төлемақы алынады. Мәселен, жоғарыда айтқан 13 млн теңгенің пәтерін рәсімдерде 130 мың теңге төленеді.
Министрлік баспанаға мұқтаж жандардың кезегін жасап, Қазақстанның ипотекалық компаниясына ұсынады. Компания төлем қабі­леттілігі расталған үміт­кер­лермен шарт жасасады. Бағдарламаға сай 1500 пәтер білім беру сала­сы­ның, 1500 пәтер медицина саласының қызмет­керлеріне берілмек.

Жауап қалдыру