Бағытымыз – жемісті интеграцияға

0
241

Түркі мемлекеттерінің Президенттеріне Үндеу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға!
Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мырзаға!
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Гейдар оглы Алиев мырзаға!
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонұлы Мирзиёев мырзаға!
Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Шарипұлы Жээнбеков мырзаға!
Түркіменстан Президенті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердымухамедов мырзаға!

Түркі мемлекеттерінің интеграциясы туралы ойлар ауық-ауық көтеріліп жүргені белгілі. Мемлекет басшылары да әр кездесуінде бұл идея төңірегінде әңгіме қозғайды. Алайда мәселе әлі жүзеге аса қойған жоқ. Тек мәдени байланыстар негізінде бірлі-жарым әрекеттер байқалады. Былтыр Қазақстандағы Өзбекстан жылы, биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы деп жариялануы соның бір мысалы. Интеграция рухани байланыстан бұрын әлеуметтік-экономикалық қатынастармен жүзеге асатыны мәлім. Ал бұл бағытта нақты шараларды атау әзірге қиын. Десе де белгілі бір бастама, жобалардың нобайы ұсынылып жүр. Сондай жобалардың бірін ҚР Жоғарғы Кеңестің ХІІ шақырудағы депутаты мемлекет және қоғам қайраткері А.Сырғабаев ұсынып отыр.

Құрметті Президент мырзалар!

Түркі халықтарының өкіл­дерінде генеалогиялық дең­гейде көп ғасырлық менталитет нәтижесінде тек туған-туысқандарына ғана емес, сонымен қатар «бүкіл руға, тіпті әйелдердің туыстарына (түркі менталитеті) қамқорлық көрсететін ойлаудың ерекше әлеуметтік түрі қалыптасқан. Әрі ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатыр. Түркілер ұжым­дық өмір сүрудің әдісі ретінде әлеуметтік дамудың идео­логиялық концепциясын құрды және бұл олардың жартылай көшпенді өмір сал­тына және ру-тайпалық шаруашылықты жүргізуге өз әсерін қалдырды.
Түркілер өз табиғаты бойынша «әлеуметтік тұлғалар» болған. Түркі әлемінің ұлттық мемлекеттерінің басшылары мемлекеттің ұлттық мүд­де­леріне қатысты өмір­лік маңызды шешімдерді қа­былдау кезінде Түркі ха­лық­тарының осы ерекше­лік­терін ескергендері жөн. Осыған байланысты Сіз­дер­­дің назарларыңызға ай­на­лым­дағы капиталдың үлестік қатысуы қағидатына негіз­дел­ген «Түркі әлеуметтік экономикасының» жаңа теориясын ұсынғым келеді.
Ұсынылған қазақстандық әлеуметтік моделдің на­рықтық модельден ерекше­лігі, осы жерде экономика мен экономикалық қаты­нас­тардың жетіспейтін негізгі буыны жұртшылықтың өндіріс пен қызметтер саласындағы үлестік қатысуы бастапқы қағидат ретінде берілген. Қазақстандық әлеуметтік модельдегі салынған бастапқы әлеуметтік қағидат ең бірінші төменде келтірілген әлеуметтік қағидаттардың орын алуына әсер етеді, мысалы келесідей;
– Нарық субъектілерінің үш­бірлігі (тауар өндіруші, қызмет беруші, тұтынушы-инвестор);
– Жұртшылықтың әлеумет­тік серіктестер және тауар өндірушілер мен қызмет берушілердің инвесторлары ретінде үлестік қатысуы;
– Қоғамдық дамудағы әлеу­меттік әділеттік;
– Нарық субъектілері ара­сындағы ынтымақтастық.
– Нарық субъектілері мен мемлекет арасындағы әлеу­­меттік серіктестік;
– Нарық субъектілері мен мемлекет арасындағы әлеуметтік жауапкершілік;
– Экономика мен эко­номикалық қатынас­тардың үйлесімділігі және ізгіленуі;
– Негізгі, тұрақты және айналымды капиталдың үлестік меншік иелері арасында табысты бөлісу;
– Әлемдік шаруашылық жүйенің тауар өндірушілері мен қызмет берушілері үшін нарық шекарасыз;
Қазақстандық әлеуметтік модельде негізгі, тұрақты және айналымдағы капиталды іске асырудағы үлестік қатысудың бастапқы қағидаты адам және қоғам әрекетінің барлық салаларында әлеуметтіліктің ба­сымдылығына мүмкіндік бе­реді. Осылай түрде Түркі­лердің әлеуметтік мен­тальды­лығын жаңа түрде Түркі елдердің нарығында көне Түркілерінің философиясына, өмір тануына, өмір түсінуіне және өмір құрылымына сәй­кес келетін қазақстандық әлеуметтік модельді енгізу арқылы жаңарту. Егер осын­дай әлеуметтіліктің басым­дылығына Түркі ел­дердің резиденттері мен ре­зидент еместерін өнді­ріс және қыз­меттер саласында (биткойн негізінде шығарылатын Түркі валютасына байланыстыра отырып) инвесторлар ретінде тарту бойынша қазақстандық әлеуметтік модельде блокчейн технологияны қоса пайдаланса, онда бұл инвестициялық салымдардың жылдам­дылы­ғын жоғарлатып және капитал айналымдылығын арттыра түсетін еді.
Түркі елдердің нарығында осындай жағдайларды құра отырып, Түркі әлемінің мүд­де­лерінде геосаяси, эконо­микалық және экология­лық өркендеуге тез жетуге болатын еді. Сонымен қатар өсіп келе жатқан әлеуметтік теңсіздік, игіліктердің «жеке тұлғаны цифрлық куәлан­дыру» арқылы бөлу және қайта бөлісу мәселелерін шешу бойынша мақсаттар мен міндеттер де тез ше­шімін табатын еді. Олар цифр­лық экономика мен эко­номикалық қатынастарға өту жағдайларында адамның бел­сенді әрекетінің аспектілерін шектеу және анықтау үшін блокчейнде электрондық персоналды құруға мүмкіндік береді.
Мәселелердің осындай ше­шімдері Түркі шаруа­шы­лық жүйесінің қалып­тасуы, тұрақтануы және дамуы үшін қолданбалы мағы­насы ғана емес, сонымен қатар ұсы­нылатын «Түркі халық­тары­ның Туыстығы» тұжы­ры­мының мағынасын түсіну үшін де қажет.
Жұмыс жасайтын нарық моделінде жұртшылықтық экономикалық құрылымда белсенді қатысуына мүмкіндік болған жоқ және жұртшылық тұлғасында нарықтың үшінші субъектісі ескерілген жоқ, оған бар болғаны тек статист және тұтынушы ролі ғана берілді. Және осындай ескірген даму моделінен көп үміт күтудің қажет жоқ, өйткені осы модель эгоизмге және адамның арсыз қателіктеріне ғана есептелген және аз ғана адам топтарының баюына бағытталған. Сонымен қатар осы жүйеде байлар мен кедейлер арасында қауіпті әлеуметтік алшақтық байқалады, ол тапты қа­лыптастырып ғана қоймай, сонымен қатар қоғамдық және мемлекеттік дамуда көптеген қарама-қайшылықтарды тудырады. Қоғамдық дамудағы осындай қарама-қайшылық қоғамдық және мемлекеттік дамуда мәселелер мен қақтығыстардың заңды тіз­бекті реакцияларды тудырады, олар ең бастысы эко­номикалық, қаржылық және саяси жүйеде, сонымен қатар адам мен қоғамның дамуының рухани деңгейінде байқалады. Сондықтан ең бастысы келесі экономикалық санаттарға назар аудару қажет деп есептеймін. Мысалы, бағалардың өсуі, сұра­ныс, ұсыныстар, сату, нарық­тық экономикалық субъектілері арасында тауарлар мен қызметтердің тарату, жүзеге асыру және тұтыну, табысты тарату, үлестік меншік иелері арасында өндірістер мен қызметтерді айырбастау, иелену және бөлісу. Осы экономикалық санаттар жұртшылықтың әлеуметтік игілігіне қатты әсер еткендіктен, бұл – адами, қоғамның және мемлекеттік дамудың негізгі көрсеткіші!
Құрметті Президент мыр­залар! Түркі әлемінің өкіл­дерінің бірі және ғылыми зерттеменің авторы ретінде Сіздерден қоғамдық өнімнің айналымында қазақстандық әлеуметтік моделін қолдауды және оның құрылымдық сыз­басын жұртшылықтық ка­пи­­талды өндіруде үлестік қатысуының бастапқы қағи­дат­тарында тәжірибеде қол­дануды сұраймын, осылайша нарықта өндіріс және қыз­мет­тер құралдарына же­ке-үлес­тік меншікті қалып­тас­тыру маңызды. Жұртшылықты экономика үрдісіне және эко­номикалық қатынастарға тарту бойынша осындай тә­сіл тауар өндірісі мен қыз­мет­тердің өсуі мен дамуына апарады және ұлттық эконо­миканың қуатын арттыруға, онымен бірге барлық өн­дірілетін тауарлар мен қыз­меттердің жиынтықты өсуіне жеткізеді, бұл өз қата­рында мемлекеттің ІЖӨ өсуі мен артуына апарады. Жә­не нә­тижесі ретінде ха­лық­тың әл-ахуалы мен төлемқабілеттілігін арт­ты­ра­ды, бұл тауарлар мен қызметтердің сұраны­сына, ұсынысына, сатылы­мына, іс­ке асыруға және тез тауар айналымы мен тауар өнді­ру­шілердің, қызмет беру­шілердің және мемлекет­тің капиталы айналымына әсер етеді.
Жоғарыда айтылған бар­лық факторлар экономиканы, экономикалық және қоғамдық қатынастардың үйлесімділігін дамытуда жағымды роль атқарады, қоғамдық даму­дың жаңа парадигмасы ре­тінде нарықтық экономикадан қазақстандық әлеуметтік мо­дельге ауыртпалықсыз өтуді қамтамасыз етеді. Бұл иеленудің «пайдалану – иелену – басқару» сияқты үш дең­гейінде құқықтық және заңды негізде табысты бөлісуге, айыр­бастауға, тұтынуға және қа­тысуға мүмкіндік береді. Қа­зақ­стандық әлеуметтік мо­дельдің ерекше айырма­шылығы дәл осында, осы жерде «салымдар – өндіру – шығару – бөлісу – айырбастау – тұтыну – жинақтау – салым жасау» модельдік сызбасы бойынша өндіру және қызмет көрсету кезінде жұртшылықтың белсенділігі қамтамасыз етіледі.
Осыған орай, Сіздерден Түркі мемлекеттер нарығында «Түркі әлемі» Халықаралық әлеуметтік компанияны (ары қарай «ТӘ» ХӘК) құру идеясын қолдауларыңызды және «Түркі елдердің» Халық­аралық интеграциялық әлеу­меттік алаңының («ТЕ» ХИӘА) құрылысы үшін 125 га жер бөлінуін сұраймын. Негізгі функционалдық мақ­саты мен міндеті – Түркі мемлекеттердің резиденттері және резиденттері емес тұлғалардың мүдделері мен нарық қажеттіліктерін біріктіру және өндірістер мен қызметтер саласында әлеуметтік қағидаттардың жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсаттарында, сонымен қатар нарық субъектілері, қоғамдық және мемлекеттік қатынастар арасында үйлесімдікті құру.
Сонымен қатар, «ТӘ» ХӘК, қоғамдық өнімнің және оның құрылымдық сызбасының қазақстандық әлеуметтік моделін өндірістік және қызметтердің секторларында жұртшылықтың жеке, қоғамдық және мемлекеттік секторларының негізгі, тұ­рақты және айналмалы капиталындағы үлестік қаты­суының бастапқы қағи­дат­тарын енгізе отырып, нарық­та сынап қана қоймай, сонымен қатар келесіні жүзеге асырады:
– тауар өндірісі мен қызмет­терді арттыру және дамыту;
– нарық субъектілерін арттыру және дамыту;
– жұртшылықтың төлем қабілетін арттыру;
– жұртшылықтың салық төлейтін бөлігін арттыру;
– қарым-қатынастарда на­рық субъектілері арасында әлеуметтік қағидаттардың ролін күшейту;
– өндіріс құралдарына же­ке-үлестік меншікті және ай­налымдағы капиталда инвес­тициялық капиталды;
– жұртшылықтың өндіріс және қызмет салаларында белсенді қатысу үшін жағдайлар жасау;
– жұртшылықтың табысты бөлісу, айырбастау және тұтыну кезінде белсенді қатысуына жағдайлар жасау;
– жұртшылықты әлеуметтік инвес­тор және тауар өндіру­шілер мен қызмет ұсы­ну­шылардың инвесторлары ре­тінде тану үшін жағдай­лар жасау;
– нарықтың толық құнды және тең мағыналы субъектісін құру үшін жағдайлар жасау, яғни нарықты үш бірлік қағидатын қамтамасыз ету;
– негізгі жұртшылықтың өсуі және ахуалының артуы үшін жағдайлар жасау;
– жұртшылықтың жинақ­тау­ларының және сатып алу қабілетінің өсуі мен жоғарлауы үшін жағдайлар жасау;
– жұртшылықтық қоғамдық дамуға белсенді қатысу үшін жағдайлар жасау;
– тауарлар мен қызмет­тердің өсуі және сұраныс, ұсыныс және сатылым өсу үшін жағдайлар жасау;
– тауар өндірушілер мен қызмет берушілерде тауар айналымының тұрақты өсуі үшін жағдайлар жасау;
– шығындар мен шығыс­тарды төмендету үшін жағ­дайлар жасау, оның ішінде тауар өндірушілердің, қыз­мет ұсынушылардың және тұтынушылардың транзак­ция­лық кешіктірулері;
– жұртшылықтық өзін-өзі қам­туын өсу мен дамыту үшін жағдайдар жасау;
– шағын, орта және ірі бизнестің субъектілерін өсіру және арттыру үшін жағ­дай­лар жасау, сонымен қатар Түркі елдердің ұлттық эконо­микасының өндірістік және ғылыми-техникалық базасын;
– Түркі тілдес мемлекет­терінің резиденттері мен резиденттері емес тұлғаларды өзінің ақша қаражаттарымен экономика және эконо­микалық қатынастар құры­лы­мына белсенді шақыру үшін жағдайлар жасау;
– қос бухгалтерия және көлегейлі экономиканы жою үшін жағдайлар жасау;
– экономика және эконо­микалық қатынастарды үйле­сімді ету және ізгілендіру үшін жағдайлар жасау;
– адам мен қоғамдық сана-сезімнің жаңа әлеуметтік деңгейін және экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
– өндіріс, қызмет саласында және әлеуметтік қа­ғи­даттар нарығында тәжі­рибелік жүзеге асыруды қам­тамасыз ету (қажет болса қо­ғамдық дамудағы ағым­да­ғы үрдістерді реттеуге болады);
– нарық субъектілерінің жағдайларын құру және жасау үшін қажетті құқықтық және заң шығарушы негіздерді қамтамасыз ету;
– капиталды құрудың қа­зақ­стандық әлеуметтік моделі негізінде саяси экономиканы түркі әлеуметтік экономикаға айландыру;
– түркі әлеуметтік экономикасы негізіндее қоғамдық және мемлекеттік дамуда таптық емес қоғамды құру.
Нарық субъектілеріне жағдайлар жасау бойынша жоғарыда айтылған ниеттер тұрақты дамуға, өзара тиімді ынтымақтастыққа, тауар өндірушілер, қызмет ұсынушылар мен жұртшылық арасында әлеуметтік серіктестер, инвесторлар және тұтынушылар ретінде және отандық және әлемдік шаруашылық жүйесінің толық құнды және түпнұсқалық субъектілері ретінде құруға бағытталған.
Жиынтықта ұсынылған ка­пи­талдық өндірудің казақ­стандық әлеуметтік моделі Түркі әлемі азаматтарының сая­си, экономикалық және әлеу­меттік құқықтарын кеңей­теді. Сонымен қатар өнді­ріс, өндірістік және қоғам­дық қатынастар сала­сындағы және то­лығымен эко­номикадағы, қаржылық және саяси жүйе­дегі бар мәсе­­лелердің шеші­луі, қоғам­дық даму үшін өзінің жағым­ды нәтижелерін береді. Қолданыстағы модельдегі және олардың жүйе­леріндегі жоғарыда айтыл­ған мәселелердің осын­­дай шешімі адамзатқа ғалам­дық экономикалық, қаржылық және рухани дағдарыстан шығу мүмкіндігін беріп ғана қоймай, сонымен қатар қоғамдық дамудың жаға жағдайларында дамуға мүмкіндік береді.

Асқар СЫРҒАБАЕВ,
ҚР ЖК ХІІ шақырудағы депутаты,
түркі әлеуметтік экономикасы теориясының авторы,
«ССС» МСК ЖШС құрылтайшысы

Жауап қалдыру