Қазақстан полициясындағы ең сұлу қыз

0
95

Астана қалалық әуежа­йын­дағы ЖІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің аға лейтенанты Жанбота Қарибекова «Полиция.kz аруы» байқауында өткен жылы жеңімпаз атанған.
Жанбота Қарибекова Қарағанды облысының Жа­ңарқа ауданының тумасы. Ауыл мектебі мұғалімдерінің отбасында дүниеге келген ол, үйдегі 7 баланың үлкені. 2017 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Жоғары оқу орнын бітіре салысымен Астана қалалық әуежайындағы ЖІІБ Әкімшілік полиция бө­ліміне кәмелеттік жас­қа толмағандардың ісі жө­ніндегі инспектор лауа­зы­мына жұмысқа қабыл­дан­ған. Қазіргі уақытта по­лиция аға лейтенанты Қарибекова сол бөлімде аға инспектор болып жұ­мыс істейді.
Ішкі істер органдарында жұмыс істеген үш жылдың ішінде өзін байыпты, жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Қазақстан полициясының аруы қолы бос уақытта ағылшын тілін үйреніп, сурет салады, фитнеспен айналысады. Алдағы уақытта магистратура бағдарламасымен оқуын жалғастыру жоспарында бар. Сонымен қатар ол қылмыстық іздестіру бөлімінде жұмыс істегісі келеді.

ҚазАқпарат

Жауап қалдыру