Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық нығайтылуда

0
115

19-наурызда Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин БАӘ Вице-Премьері, БАӘ Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­­тың БАӘ-ға 2017 жылғы 15-16-қаңтардағы ресми сапа­рының аясында жоғарғы дең­гейде қол жеткізілген уағда­лас­тықтардың іске асырылу барысының алдын-ала нәти­жесі, сонымен қоса ынты­мақтас­тықтың маңызды бағыт­тары бойынша бірлескен инвес­ти­циялық жобаларды пысық­тап, іске қосу мәселелері талқы­ланды.
БАӘ-нен мұнайхимия саласынан алдыңғы қатарлы еуро­палық технологиялардың трансферті мен стратегиялық шетел инвесторларын тартуды есепке алғанда, Атырау облысында жылына қуаттылығы 800 мың тонна полипропилен болатын мұнайгазхимия кешені құрылысының жобасына баса назар аударылды.
Көлік-логистика саласында Әмірліктер аумағында бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен «Etihad Rail» ұлттық темір жол компаниясының (БАӘ) қатысуы қарастырылған. Абу-Даби мен Дубайдың индустриалды аймақтары мен дамушы қалаларын Сауд Ара­биясының шекарасымен байланыстыратын, 1435 мм жол сорабы бар ұзындығы 406 шақырым болатын темір жол құрылысының жобасы қаралды. Бұдан өзге, «Abu Dhabi Airports Corporation (ADAC)»-мен бірлескен Қазақстандағы әуежай инфрақұрылымын дамыту мә­селесі талқыланды.
Қаржы саласында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «Mubadala Investment Company» мемлекеттік инвестициялық компаниясы арасында жалпы жарғылық капиталы тең үлесте 500 млн АҚШ доллары болатын, кейіннен 1 млрд АҚШ долларына де­йін ұлғайтылатын, бірлескен Қа­зақстан-Әмірліктер инвес­ти­циялық қорын жақын арада құруға әзірлік жұмыстары құп­талды.
БАӘ-нің Атом энергетикасы жөніндегі корпорациясы (ENEC) мен «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасында атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану сала­сын­дағы ынтымақтастық мә­се­лелері қаралды. БАӘ-де құ­рас­тырылып жатқан және құ­ры­лысы жоспарланған реак­тор­лардың қажеттіліктерін қам­­тамасыз ету мақсатында Қазақ­станнан табиғи уран, байы­тылған уран өнімдері түрінде шикізат жеткізу жоспарланған.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша әмірліктер тарапы бір­лескен жобаларды ынты­мақ­тастықтың басым­дықты бағыттары бойынша ілгерілету үдерісіне разы­лық­тарын білдіріп, Қазақ­стан­ның биыл 22 мамырда Астана қаласында Қазақстан-Әмірліктер бизнес

primeminister.kz

Жауап қалдыру