Автобуста қарттарға орын берейік

1
584

Сәрсенбінің сәтті күнінде әдеттегідей уақытта сөм­кемді асынып, сабаққа шық­тым. Үйден сәл кешігіп шыққандықтан алды-артыма қарамай, аялдамаға жетуге асықтым. Жолым болып, күткен автобу­сым дәл сол мезетте келе қал­ғаны. Автобустың іші адамға лық толы. Жолау­шы­лардың арасындағы бір қарт әжейдің қысылып тұрғаны көзіме оттай басылды. Қолында қоңыр сөмкесі, тағы дорбалары бар. Айналамды бір ша­лып өтсем, барлық орын­дық­тарда кілең жастар жай­ғасқан. Бірінің құла­ғында жаңғырып ән ойнаған құ­лақ­қап болса, бірі көз­дерін жыпылықтатып өтірік ұйықтай қалған. Тіпті, өтірік көрмегендей кейіп та­нытып, басқа жерге қа­рап отыратындарды да бай­қадым. Ешқайсысының ойы­на жасы үлкен кісіге орын ұсыну кіріп те жатқан жоқ. Көңілге қаяу түсіретін бұндай көріністерді жиі байқаймыз.
Тағы бір байқағаным, авто­бустағы бос орындарға жүгіре жөнелгендердің көбі жастар. Мейлі ұлы болсын, қызы болсын. Ауыз­дарындағы сағызын шай­наң­датып, тарсыл­да­та­тын бейәдеп қылық­тарына не дерсіз. Сонда үлкенге құр­мет, мәдениет деген қайда қалып барады?
«Үлкенді сыйлау кішілік, үлгілі мінез кісілік» демекші, әрдайым жасы келген адамдарды тек қоғамдық көлікте ғана емес, барлық ортада сыйлап, көмек көрсету біз үшін парыз болуы тиіс. Өмір алма-кезек. Бүгін сен үлкендерді сыйламасаң, ертеңгі ұрпақ сені де сыламайды. Бұл өмірдің жазылмаған заңы.

Құралай ЖАНДАРБЕКОВА
«Тұран» университетінің 2-курс студенті

1 коментарий

  1. Ойландыратын сөздер, журналистік нақышыңыз ұшқыр екен. Шығармашылық табыстар тілеймін!

Жауап қалдыру