Ауылдағы инфрақұрылымды дамыту маңызды

0
22

Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев съезде әлеу­меттік саланы дамытуға, көп балалы аналарды қолдауға, ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға арналған ау­қымды бағдарламалық докт­ри­намен таныстырды.
Жал­пы бағдарламаға байланысты айтар болсақ, ауылды дамыту деген үлкен мәселе екені анық. Сондықтан Ауыл партиясының төрағасы ретінде «Нұр Отан» партиясының съезіндегі қабылданған бас­тамалардың бәрі біздің де ойымыздан шыққанын айт­қым келеді. Себебі, оның бәрі халықтың тұрмыс-тір­шілігіне тікелей қатысты, елдің әл-ауқатын арттыруға, әлеу­меттік жағдайын жақ­сартуға арналған мәсе­лелер.
Біз үшін ең бастысы – ауылдарды сақтап қалу. Қазіргі уақытта 7 мыңнан астам ауылды бөліп алып, соларға инфрақұрылымдық жағдай жасай отырып, ауылдағы азаматтарды тұрақтандыру өте маңызды екені даусыз. Халықтың барлығы қа­лаға көше бермей, ауылда тұрақ­танса – нұр үстіне нұр.
Елбасы жастарды жұ­мыс­пен қамтамасыз ету мә­се­лесін баса айтты. Әрине, бү­гінгі таңда ол үшін жаңа кәсіпорындар ашылуы керек. Ауылды біз экономиканың негізгі драйверіне айналады деп отырмыз. Себебі ауыл шаруашылығы өнім­дері­нің 29 пайызы ғана бүгінгі таңда қайта өңделеді. Сол ауылшаруашылығы өнім­дерін қайта өңдеу кәсіпорын­дарын құруға қыруар уақыт, қомақты қаражат қажет, ауқымды жұмыс жасалуы қажет. Егер сол кәсіпорындар жұмысқа кірісетін болса, көптеген жұмыс орындары ашылады.
Одан бөлек, ауыл мек­тептерінің, денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайын жақсарту да зор маңызға ие болып отыр. Осы мәселе­лер­ге баса назар аударылып, жұмыс нақты жасалатын болса, ауылдан ел көшпейді.

Әли Бектаев,
Парламент Сенатының депутаты

Жауап қалдыру