Қай қалалардың тұрғындары бақыттырақ?

0
160

Елімізде бақыттылық индексі бойынша Қазақстан өңірлерінің алғашқы рейтингі жасалды. Бұл туралы елордадағы Стратегиялық бастамалар орталығында өткен «Адам бақыты» тақырыбына арналған ІІ стратегиялық бастамалар форумында айтылды.
Форумның негізгі мақсаты – Қазақстан азаматтарының өз өмір сүру жағдайларына қанағат­тану деңгейін анықтау.
CSI Форумында Ба­қыт­тылық индексі бо­­йынша Қазақстан өңір­­лерінің бірінші рей­тінгін, мемлекеттік бағ­дар­­ламалар рейтингін анықтау үшін жүргі­зіл­ген зерттеулер нә­ти­желерін таныстырды.
«Бақыттылық рейтінгі аймақ тұрғындарының өмірге қаншалықты кө­ңілі толатынын көр­сетеді. Рейтинг жүр­гізген кез­де кіріс мөл­шері, жа­қын адам­дардың қол­дау көр­сетуі, ден­саулық, іс-әрекет еркін­дігі, өз­ге­­лерге көмек­тесу мүм­­­кін­дігі, жемқорлық­­қа көз­қарас және көрсе­­тіл­ген мемлекеттік қызметтер мен жаса­латын әлеу­меттік игілік­терге қа­тысты фак­торлларға басым­дық берілді», – дейді Стратагиялық бастамалар орталығының бас серіктесі Олжас Құ­дайбергенов.
Зерттеу аясында ор­таша есеппен 36 жас­тағы 3000 адамнан сауалнама алынған.
«Сауалнамаға жалдамалы жұмысшылар, өз-өзін жұмыспен қам­ты­ғандар, студенттер, мемлекеттік қызмет­керлер, кәсіпкер­лер, яғни бүкіл бұқара халық қатысты», – дейді Стра­те­гиялық бастамалар орталығының жо­­балар бойынша ди­ректоры Бақытжан Сәр­кеев.
Рейтинг бойынша, Нұр-Сұлтан, Шымкен­т қалалары және Ақмола облыстарының тұр­ғындары өз өмір жағ­дайларына қана­ғат­танатын болып шық­ты. Солтүстік Қа­зақ­стан, Қостанай және Қарағанды облыс­тары­ның тұрғындары өз өңірлерінің өмір сүру деңгейіне төмен баға берген. Жалпы алғанда, қазақстандықтар өз өмір сүру деңгейлерін ор­ташадан жоғары бағалап отыр.

Зарина ҚАҺАРМАН
BAQ.KZ

Жауап қалдыру