Агроөнеркәсіпке – соны серпін

0
22

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіпті революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы еліміздің дамуындағы тың серпіліс болып отыр.
Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заманда технологиялық, эко­но­микалық және әлеу­мет­­тік са­лалардағы терең және қарқынды өз­герістер кезеңіне қадам ба­суымыз, еліміздің әлемнің да­мыған отыз мемлекетінің қа­тарына енуін қамтамасыз ету біздің басымдылығымыз болуы тиіс.
Осыған байланысты, Пре­зидент өз Жолдауында ақыл­ды технологиялардың агроөнеркәсіп кешенін дамы­туды үшінші басты міндет етіп қойды. Оның айтуынша, еліміздегі аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.
Ауыл шаруашылығы – елі­міз­дің экономикасын да­мы­тушы өзекті сала­лар­дың бірі. Себебі, Қазақ­стан ауыл­шар­уашылық өнім­дерімен өзін-өзін қам­та­масыз етіп қана қоймай, «Қазақстанда жасал­ған» табиғи азық-түлік брендін әлемдік деңгейге шы­ғара алатын елдердің бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ауыл шаруашылығына қа­тысты айқындап берген міндеті аясында Жамбыл об­лы­сында қарқынды жұмыс­тар атқарылуда. Ауыл шаруа­шылығы саласының даму үрдісі серпін беріп, мал өнімдерінің саны артып отыр. Облыс көлемінде, атап айт­қанда Жамбыл ауданында өнімдері экспортқа бағыт­талған «Оңтүстік халал тағам­дары компаниясының ет өңдейтін зауыты, Байзақ ауданында «Әулие ата Феникс» серіктестігінің құс етін өндіретін фабрикасы іске қосылды. Сүт өнімдерін дамы­ту бойынша Меркі ауданында «Меркі өнімдері» және Жуалы ауданында «Жуалы Алатау» ірі ауыл шаруа­шылық өндірістік ұжым­шарлары құрылды. Бұл дегеніміз агроөнеркәсіп сала­сының әлеуетін арттыруға батыл қадамдар жасалып жатырғанын білдіреді.
Осылайша, ауыл шаруа­шылық салаларына қолдау көрсету арқылы, біз, сенімді өсу жолына түсеміз. Ұлттық эко­но­миканың бұл саласы нарық пен бәсекеге аз икем­делгеніне қарамастан, да­му­дың оң бағытына ың­ғай­ланып келеді. Еліміздің түк­пір-түкпірінен ауыл шаруа­шы­лығын дамытушы зауыт­тар мен фабрикалар ашылса, аграр­лық кешен мәселелерін ше­шуге түбегейлі бет бұр­ғанымыздың белгісі. Ел­­ба­сы­ның дәстүрлі Жол­дауы мен ондағы нақты мін­деттер – дамудың жаңа ке­зеңіне бастаушы даңғыл жол екендігі сөзсіз.
Бахтияр
КӨПБОСЫНОВ,
Жамбыл облысы
Жуалы ауданының
әкімі

Жауап қалдыру