Аграрлық саланы дамытудағы әріптестік

0
61

Жетісудың жер емген диқандары өнім жинауға кірісіп кетті. Биыл Алматы облысында 500 мың гектарға жуық алқапқа дәнді-дақылдар себілген болса, олардың алғашқы бөлігіне шаруалар орақ салды. Диқандар «бітік өскен егіннен жиналған өнім қамбаны еселеп толтырады» деген үмітте. Ел үшін маңызды осындай оқиғаға байланысты Алматы облысы Талғар ауданындағы «Байсерке-Агро» агрокешенінің базасында республикамызда тұңғыш рет «Егінжай күні» аталып өтілді.
Аталмыш шараға ҚР Ауыл шаруашылығы минис­тр­лігі­нің жауапты хатшысы А.Ма­мыт­беков, ҚР Білім және ғы­лым министрі Е.Саға­диев, ҚР Парламенті Мәжі­лі­сінің аграрлық мә­се­ле­лер жөніндегі Ко­ми­тетінің төра­­ғасы С.Ома­ров, ҚР Ұлттық ғылым ака­де­мия­сының ака­демигі Ғ.Қа­лиев, Алматы облы­сы­ның әкімі А.Баталов, рес­пу­бли­камыздың барлық облыс­тары әкімдерінің ауыл шаруа­шылығы сала­сына же­тек­шілік ететін орын­басар­лары мен ауыл шаруа­шы­лы­ғын дамы­туға ынта­лы бір­неше жүздеген азамат қа­тыс­ты.
«Ауыл шаруашылығында инно­вацияларды тиімді қол­дану» тақырыбына ар­нал­ған семинардың ашы­лу­ында сөз алған өңір басшысы Амандық Баталов өз сөзінде семинарға қатысушыларға алғысын біл­діріп, мемлекеттік қолдау­дың арқасында өңір­де ауыл шаруашылығын да­мытуда қолға алынып жатқан жұмыстар мен олар­дың осы күндегі нақты нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтті. Со­нымен қатар облыс әкімі ең­бек тиімділігі мен өнімділікті арт­тыру, қал­дық көлемін мей­лінше азайту, бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін ауыл шаруа­шылығы өнім­дерін өндірушілердің өндіріс ба­ры­сында заманауи, инно­ва­циялық және ғылым­дағы соңғы жетістіктер мен жаңа­лықтарды барынша кеңінен енгізу қажеттігін жеткізді.
Осыдан кейін сөз кезегі ҚР Ауыл шаруашылығы минис­трлігінің жауапты хатшысы Асыл­жан Мамытбековке бе­рілді. Спикер өз сөзінде «Бизнес – білім мен ғылым – үкіметтік қолдау» үштігі жұмыстарды тиімді жүргізген жағдайда ғана аграрлық са­ланың тасы өрге домалап, оның нәтижелерін осы атал­ған тараптармен қатар халық та сезінетіндігін нақты мы­салдармен түсін­діріп берді. Сондай-ақ А.Мамыт­беков елі­міздің климаттық ерек­ше­лік­тері мен мал және егін шар­уа­шылығымен айна­лы­суға жайлылығы – біздің әлемдік нарыққа өзіміздің са­палы өнім­дерімізді шыға­рып, бә­се­келістікке түсе оты­рып, айтар­лықтай пайда та­бу­ы­мызға үлкен мүмкін­дік­тер беретіндігін, ал үкімет та­рапы шағын отбасылық фер­малардан бастап агро­хол­динг­терге дейінгі бар­лық субъектілерге қа­жет­ті қолдау­ды көрсетуге әзір екен­дігін жет­кізді.
Келесі болып сөз алған «Байсерке-Агро» агро­хол­дингінің Президенті Темір­хан Дос­мұхамбетов өз шаруа­шылығында мал және егін шаруашылығын дамыту ба­ғы­тында қолданып келе жат­қан тәжірибелерімен бөлісіп, осы саланы жетіл­дірудегі тың идеялары мен ұсыныстарын айтып, семинарға қатысу­шы­лардың көпшілігіне моти­вация ре­тінде әсер етті.
Айта кету керек, агро­хол­динг жетекшісі үнемі отан­дық және әлемнің ауыл шар­уа­шылығы дамы­ған ел­деріндегі өзде­рінің озық идеялары мен ғы­лы­ми же­тіс­тік­терін ұсы­на­тын, атал­ған саланың да­му­ына үлесін қоса алатын ғалым­дарды, білікті әрі ең­бек­қор мамандарды жә­не жо­ға­ры, орта кәсіптік оқу орын­дарының үздік түлек­те­рін өзіне тарту арқылы, ег­ін шаруа­шы­лы­ғындағы өнім­­ділік көрсеткішін 80%-ға де­йін жет­кізген. Және де қа­рас­­ты­рыл­маған әрі артық шы­ғын­дарды қысқартудың жо­лын та­уып, табысты ана­ғұр­лым арт­тыруға мүм­кіндік жаса­ған. Осы ой­ла­рының бар­лығы­мен холдинг президенті се­ми­нарға қаты­сушылармен бөлісті.
Сондай-ақ мүйізді ірі қара­ның қазақстандық «Ақбас» тұқымынан 97% және «Әу­лиекөл» тұқымынан 99% (200 сиырдан 197) бұзау алған, Канададан жеткізілген етті бағыттағы және 70 литр­ға дейін сүт беретін сиыр­лардың «Ангус» және «Гере­форд» тұқымдарының мал басы санын арттырып, бұ­зауларының тәулігіне 1-1,5 келі салмақ қосуына мүм­кіндік жасап отырған, сүттің сауылуынан өңделуіне де­йінгі про­цестерді толық­тай ав­то­маттандыруға көші­ру­дің нәтижесінде сүттің құ­нар­лылығын жоғалтпай, сапа­сын арттырып, әр сиыр­дың сүт беруіне байла­нысты азық­тандыру мөл­шерле­ме­сін нақ­ты есеп­теп беретін ро­бот­тарды қолда­нысқа енгізіп, зама­науи техно­ло­гия­ларды өнді­ріс­ке алғаш­қылардың бірі болып енгізіп жүрген «Бай­серке-Агро» агрокешені еке­нін тілге тиек ете кеткен жөн.
Осы семинарда ғалымдар мен шаруақожалықтарының жетекшілері, бизнес өкілдері де тақырыпқа байланысты ойларымен бөлісіп, пікірлер­ді сараптап, ортақ шешімдер қабылдап жатты.
Өткен семинардың нәти­жесі бойынша аграрлық ғылым­ды дамытудағы әріп­тестік жөніндегі мемо­ран­думға қол қойылды.
Осыдан кейін семинар қаты­сушылары ашық аспан астында тізіл­ген көрмедегі ауыл шаруашылығы өнімдері, ты­ңай­тқыштар, әуеден бақы­­лай­тын аппараттар мен ауыл шаруашылығы тех­ни­­­ка­ларының соңғы үл­гі­лері­мен танысты. Мың­нан ас­там шаруашылық өкілдері қа­тысқан аталмыш шара ди­қан­дардың бір-бірімен пікір ал­масу алаңына ай­налды деуге толық негіз бар.
Бір сағаттық концерттік бағ­дар­ламадан кейін респу­б­ликалық «Егіншілік кү­ні» сұрақ-жауап форма­тын­да өткен дөңгелек үстел­мен жал­ғасты. Рес­пу­бли­ка­мыз­дың әр түкпірінен бас қосқан ауыл шаруа­шы­лығы­ның ба­сы-қасында жүрген аза­мат­тар осындай семинарлардан өздеріне қажетті мә­лімет алып, тәжірибе ал­ма­сатын­дығын айта келе, алдағы уа­қытта да рес­пу­бли­ка­лық деңгейдегі ау­қым­ды бас­қо­сулардың жиі өтіп тұруына қатысты ұсы­ныс, тілектерін білдіріп тар­қас­ты.

Жүсіп ЖҰБАТ
«P&H»

Жауап қалдыру