0
159

Елбасы тапсырмасымен
Маңғыстау – Қазақстанның ірі логистикалық хабы
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдар­ламасын жүзеге асыру аясында жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның басым бағыттарының бірі болып саналады десек, бұл ретте, Маңғыстау облысының атқарар рөлі ерекше қомақты болмақ. 20 шілде күні Ақтауда халықаралық көліктік-логистикалық форумы өтті.
Аталған шараны өткізудегі басты мақсат – теңіз порты жүк айналымын ұлғайту, Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығына көңіл аудару. Маңғыстауда көзделген логистика саласындағы жобаларды жүзеге асыру барысында 2018 жылдың аяғына дейін Қа­зақстанның Каспийдегі логис­тикалық торабының қуа­тын 25 миллион тоннаға жет­кі­зуге аса зор мүмкіндік болады деп күтілуде.
Іс-шара кезінде көліктік-логистикалық әлеуетті арттыру, Каспий транзиттік дәлізіндегі бірыңғай тариф және өзара тиімді ынтымақтастық туралы сөз болды. Мәселені тал­қы­лауға халықаралық теңіз жобаларының ірі инвесторлары – теңіз логистикасы қуатты дамыған Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Қытай, Гүржістан, АҚШ, Ұлыбритания, Италия елдері порттарының өкілдері, со­ны­мен қатар мемлекеттік ор­ган­дардың, жергілікті ірі мұ­най компаниясының жетек­ші­лері қатысты.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов халықаралық форумға қатысушыларға «қош келдіңіздер» айтып, сөзін былай деп сабақтады:
– Өздеріңізге белгілі, біздің облысымыз Каспий жаға­лауын­дағы бірден-бір аймақ ретінде Ұлы Жібек жолын қайта жаң­ғырту бағдарламасында шешу­­ші маңызға ие. Мұның дәле­лін өздеріңіз Қазақстанның теңіз қақпасы – Ақтау, Құрық порттарында болғанда көрдіңіз­дер, – деді облыс әкімі.
Каспий жағалауы елдерімен одан әрі белсенді ынтымақ­та­суға Маңғыстауда барлық жағ­дай жасалған. Айталық, елі­міз­дің транзиттік әлеуетін дамыту үшін биыл Құрық порты құрылысының екінші кезеңі – автомобиль өткелін салу басталды. Жоба баламалы маршруттар бойынша автомобиль тасымалын дамытуда бәскелестік қабі­летті қалыптастырады.
Мультимодельді логистика­лық тізбекті дамыту мақсатында заман талабына сай құрғақ жүк және паром флоты жасақталуда. 2020 жылға дейін флоттағы кемелер саны 20-ға жетеді.
Форум аясында Маңғыстау об­лысы әкімдігімен және «А+А Group of Companies», «EnerMech» компаниялары арасында үшжақты меморандумға, Ақтау және Анаклия порттары арасында екіжақты меморан­думға қол қойылды. Меморандумдар энергетика, көлік және логистика салаларына инвес­тиция тарту және  өзара ын­ты­мақтастық мақса­тын­да  жа­сақ­талды.

Маусымжан ДИХАНБАЕВА,
«Президент және Халық»

Маңғыстау облысы

Жауап қалдыру