3 800 әскери пәтер алады

0
155

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл әскери қызметкерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын сәтті түрде жүзеге асырды. 
Жаңартылған шарттар бойынша, бұл бағдарлама 2 мамырда басталып, 27 мамырда мерзімінен бұрын аяқталды. 19 жұмыс күні ішінде 10,7 млрд теңге сомасына 680 заем берілді. Сондай-ақ, 46,7 млрд теңге сомасына тағы 3 143 несиелік өтінім қабылданды. Аталған өтінімдер қарастырылғаннан кейін, олар бойынша несие беріле бастайды.
Осылайша, әскери қызметкерлерді несиелендіруге бөлінген қаражаттың жылдық лимиті толықтай игерілді. «Әскери баспана» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудың үшінші кезеңі 2020 жылдың қаңтар айында басталады.

Жауап қалдыру