0
300

Жүйелі жұмыс жемісі

Орталық Азия университеті білім нарығында 1997 жылдан бастап жемісті қызмет етіп келеді. 20 жылдан астам уақытта университет қабырғасынан бірнеше мың түлек ұшып, қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер мен көптеген салаларда түрлі лауазымда абыройлы еңбек етуде.
Жастардың білікті маман болып қалыптасуы жолында жүйелі жұмыс атқарып жатқан университеттің қызме­тінде оқу ордасының негізін қалаушы Әлиев Жұматай Әли­ұлының еңбегі орасан. Ол Орталық Азия универси­тетін аяққа тұрғызып қана қоймай, еліміздегі жоға­ры оқу орындарының ал­дың­­ғы қатарына қосты. Универ­си­теттің қазіргі ректоры Надыров Марат Қалиұлы өз кезегінде білім ошағын жаңа биіктерге бастап, жоғары жетістіктерге жеткізуде. Ғылым кандидаттары, доктор, профессорлардан тұратын оқытушылық құрам «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген қағиданы берік ұстанған, өз ісінің білгір мамандары. Олардың басты мақсаты – студенттердің мықты маман ретінде қалыптасуына сүбелі үлес қосу. Оқу үрдісі үш сатыдан тұрады (бакалавриат 55, магистратура 27, доктарантура 7 мамандық).
Университет бай материал­дық-техникалық базаға ие. Оның ішінде республика бо­йынша заманауи жаңа құрал-жабдықпен қамтамасыз етіл­ген 18 оқу корпусы, оқу-өн­дірістік және зертханалық алаңдар бар. 20 мың шаршы метрлік 3 оқу корпусы Алматы қаласында орналасқан. Оқу орнының білім беру деңгейі, ғылыми-зерттеу, рухани-тәрбиелік, инновациялық әлеуеті еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары санатты мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Университет жанынан 2016 жылы құрылған «Central Asian technigue technology and innovation» ғылыми-өндірістік корпорациясы оқу үрдісін зерттеу және өндірістік саламен байланыстыруға жол ашады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын жаңа технологияларды қолдана отырып меңгеруге жағдай жасайды.
Сондай-ақ оқу орны 160 ком­пьютермен жарақ­танды­рылған. 8 компью­терлік сынып, 2 мультимедиялық сынып, 10 интерактивті тақта, жаңа жиһаз, арнайы құрылғылармен жабдықталған 145 кабинет, 450 адамға арналған 853 мың данадан астам кітап қоры бар кітапхана студенттердің сапалы білім алуына қызмет етеді.
Университетте профес­сор­лық-оқытушы құрам мен сту­­денттердің тығыз бай­ла­ныста болып, білім деңгей­лерін көтеруге үлкен мүмкін­діктер қарастырылған. Қазіргі таңда университет қабыр­ғасында студенттер мен магист­ранттарға арнал­ған 7 жас­тар ұйымы, 2 көш­бас­шы­лық-шеберлік сынып, 4 ғылыми-тәжірибелік цифр­лық аудитория жұмыс жасайды.

Қоғамдық жұмыс қарқынды

Біздің университетте сту­дент­тердің қоғамдық жұмыс­пен айналысуына бар жағ­дай жасалған. Студент­тер­дің қалауымен 2015 жы­лы ашылған «Нұр Отан» пар­­­­тиясының «Жас Отан» жас­тар қанатының филиалы бірқатар қалалық және рес­публикалық іс-шара­лар мен жобаларды ұйым­дас­тыруда. Ұйым төрағасы Ерзат Мысыров 2016 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай елордада ұйымдастырылған рес­публикалық форумға қа­ты­сып, Елбасымен кез­десіп, жалынды жастар­дың атынан сөз сөйледі.
2016 жылдың екінші жартысында Университет қа­бырғасынан Қазақстан Хал­қы Ассамблеясы жанынан құрылған «Жарасым» жастар ұйымының филиалы ашылды. 25-тен астам этнос өкілі білім алатын университет үшін бұл ұйымның алар орны ерекше. Татулық пен ынтымақтастық жолында «Жарасым» жастар ұйымы студенттермен қарқынды жұмыс атқарып келеді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Гауһар Балтабаеваның бастамасымен құрылған «Күлтегін» қоғамдық, әдеби-тарихи танымдық, этнографиялық және өнер бірлестігі биікке ұмтылған жастарды арман қанатына дұрыс бағдар сілтеуге мақсатында қызмет етіп келеді. Бірлестік республика көлеміндегі және Алматы қаласы жоғары оқу орындарындағы танымдық бағыттағы түрлі үйірмелер мен клубтардың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, талантты жас­тар­дың бір-бірімен рухани байланыста болуына, өзін-өзі танытуына мұрындық болып келеді.

Студенттер өмірі жарқын

Орталық Азия университетін таңдаған талапкерлерді жарқын студенттік өмір күтіп тұр. Университет студенттері елде өтіп жатқан түрлі шаралардың ұдайы басы қасынан көрініп келеді. 2017 жылы Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлемдік универсиадада оқу орнының тәлімгерлері еріктілер қатарынан табылып, байрақты бәсекенің сәт­ті өтуіне өз үлестерін қос­ты.
Бұрынғы ректор Қасабеков Сайлау Аманжолұлының қол­­дауымен құрылған Орта­лық Азия Универси­тетінің «Ли­мон» КВН командасы қалалық және респуб­лика­лық лигалардың жүлде­гер­лері атанып жүр. 2017 жылы «Лимон» КВН командасы Масляковтың Сочи қаласында ұйымдастырған халықаралық КВН ойындарына қатысып, 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, «Жайдарман» ойындары мен КТА ойын­дарының номинанттары атанды.
Университет студенті Ай­жан Солтанова «Мисс Ал­ма­ты – 2016» сұлулық бай­қауына қатысып, «Қазақ Аруы – 2016» номинациясын иеленіп, Универсиада ойындары кезінде универсиада алауын көтергенін айта кеткен жөн.
Білім ошағының дамуы мен студенттік өмірдің қызықты өтуіне өз үлесін қосқан студенттерге Алматы қаласы әкімінің ұйымдастыруымен өтетін жаздық лагерде дем алып, қаланың өзге де белсенді жастарымен бас қосуға мүмкіндік жасалған.
Оқу орнының базасында «әскери кафедра» жұ­мыс істейді. Жігері берік, ұмты­лысы жоғары студенттер ректор грантына ие болып, тегін білім ала алады. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыдан шыққан студенттерге де белгілі бір көлемде жеңілдіктер қарастырылған.
Университеттің 12 қабатты пәтер типтес жатақханасында студентттер үшін бар жағдай жасалған. Бір бөлмеде 3-тен 8 студентке дейін қоныстана алады. Әр бөлме заманауи жиһаз, әжетхана, душ, кір жуатын машина, электр плитасымен қамтамасыз етілген. Студенттердің бос уақытында жақсы демалуы үшін демалыс бөлмелеріне ыңғайлы дивандар, аудио-видео аппатуралар қойылған.
Оқу үрдісі іштей, сырттай және қашықтықтан оқыту бөлімдерінде жүргіледі.
Білім ошағының Нұрсұлтан қаласындағы «Астана университеті», Ақтау қала­сын­дағы «Халықаралық теңіз уни­верситеті» атты филиал­дарының есігі де студенттерге айқара ашық. Сондай-ақ Орталық Азия Университеті жанында «Әлеуметтік-гуманитарлық колледж» үздіксіз жұмыс істеп келеді.
Оқу орны ресейлік Самара университеті, Мәскеу мемлекеттік техникалық автокөлік жолдары университетімен, Ресей әділет академиясымен халықаралық байланыстар орнатқан.
Орталық Азия Универ­сите­тінде бакалавриат дәре­жесінде төмендегідей маман­дықтар оқытылады:

МАМАНДЫҚТАР

1 5B051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару
2 5B011500 Құқық негіздері және экономика
3 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістері
4 5В010300 Педагогика және психология
5 5В010500 Дефектология
6 5В011200 Химия
7 5В011300 Биология
9 5В010100 Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
10 5В011600 География
11 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
12 5В011900 Шетел тілі: екі шет тілі
13 5В012000 Кәсіптік оқыту
14 5В020200 Халықаралық қатынастар
15 5В020700 Аударма ісі
16 5В030100 Құқықтану
17 В0302000 Халықаралық құқық
18 5В030400 Кеден ісі
19 5В030300 Құқық қорғау қызметі
20 5В042100 Дизайн
21 5В042200 Баспа ісі
22 5В050100 Әлеуметтану
23 5В050300 Психология
24 5В050400 Журналистика
25 5В050500 Аймақтану
27 5В051100 Маркетинг
28 5В050700 Менеджмент
29 5В050900 Қаржы
30 5В050800 Есеп және аудит
31 5В050600 Экономика
32 5В090400 Әлеуметтік-мәдени қызмет
33 5В090900 Логистика (сала бойынша)
34 5В060200 Информатика
35 5В060800 Экология
36 5В070100 Биотехнология
37 5В070200 Автоматтандыру және басқару
38 5В070300 Ақпараттық жүйелер
39 5В070400 Есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету
40 5В070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу
41 5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау
42 5В071000 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
43 5В071200 Машина жасау
44 5В071300 Көлік, көлік техникасы және технология
45 5В071600 Аспап жасау
46 5В071700 Жылу энергетикасы
47 5В071800 Электроэнергетика
48 5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникация
49 5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
50 5В072900 Құрылыс
51 5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
52 5В090300 Жерге орналастыру
53 5В091000 Кітапхана ісі
54 В0708000 Мұнай-газ ісі
55 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Оқу орнының мекенжайы:
Алматы қаласы Жандосов көшесі 60-үй
Тел: +7 (727) 275-01-44  Эл.пошта: infocau@mail.ru

«Универге» рахмет!

Кім кімге де өзінің оқы­ған, білім алған шаңы­рағы қымбат қой. Өз басыма жоғары білім алған Орталық Азия университеті айырықша. Ол жаңадан құрылған кез­де мен де мектеп бітіріп, болашақ мамандығымды таңдап жүрген кезім еді. Орталық Азия университеті деген атының өзі мені қызықтырды. Әрі мен қалаған құқық-заң саласы бойынша білім алу мүмкіндігі де бар екен. Құқықтану факультетіне құжат тапсырдым. Сәтін салып оқуға да ілігіп кеткенім. Универде оқыған төрт жыл демде-ақ өте шықты. Біз оқыған жылдарда Гүлнар Әбдезова, Клара Әнуарбекқызы сияқты аса білікті ұстаздарымыз дәріс берді. Университет құрылтайшысы, кейін көрнекті мемлекет және қо­ғам қайраткеріне айнал­ған профессор Жұма­тай Әлиев те студенттермен жиі кездесіп тұратын. Сол ұстаздардың берген білімі мен тәрбиесі бізді өрге сүйреді.
Көңіліміз өсіп, дипломымызды қолға алғанымыз кеше сияқты еді. Ол 2002 жыл болатын. Жоғары оқу орнын бітірген соң Қа­зақстан Қарулы Күш­терінің қатарында әс­кери борышымды өте­дім. 2005 жылдан бері Алма­ты облыстық маман­дан­ды­рылған табиғат қорғау про­куратурасында проку­рор болып істеймін. Та­би­ғатқа, оның флорасы мен фаунасына жана­шыр­­лық керек. Сондық­­тан өз жұмысымды жақсы көремін. Таяуда бірінші сыныпты заңгер дәрежесі берілді. Кезінде құқық­тану факультетін бітір­генімнің арқасында табиғат қорғау саласында көптеген құ­қық­­бұзу­шы­лықтың жолы­н кесіп жүрміз. Бізге осын­­дай білім дарытқан Орталық Азия университетіне алғысымыз шексіз.

Нұрлан МӘЛІК,
Алматы облыстық мамандандырылған
табиғат қорғау прокуратурасының
прокуроры, бірінші сыныпты заңгер

Жауап қалдыру