2-3 пайызбен ипотека беру мамырда басталады

0
79
Businessman signs contract behind home architectural model

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақытбек Смағұлов «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орын­басарынан көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту үшін жеңілдетілген пайызбен баспана беру мәселесінің орындалу жайын сұрады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұ­баниязова қазіргі уа­қытты бұл мәселенің қар­жылық негіздемесі жасал­ғанын атап өтті.
– Қазіргі таңда ол эконо­ми­калық сараптамадан өтіп жатыр. Содан кейін қай­тадан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орта­лығына енгіземіз. Ұлттық экономика министрлігі мақұл­дағаннан кейін, барлық тиісті құжаттарды рәсімдейміз. Әкімдіктер тізімде тұрғандар аясында көпбалалы аналардың және де мүгедек балалары бар отбасылардың екі пайыздық несиеге баспана алу мүмкіндігі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама береді. Сол жолдама бойынша осы отбасылар біздің банктен несие алу мүмкіндігіне ие. Біздің ойымызша, мамыр айының аяғына таман несие беруді бастаймыз, – деді ол.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көпбалалы отбасаларға сатып алу құқынсыз жалға берілетін пәтерлер шаршы метрі үшін 115 теңге болатынын айтты. Ауылдық немесе қалалық жерлерге қарай бағаның белгіленуі тұрғысында өзгеруі мүмкін.

Руслан ҒАББАСОВ

Жауап қалдыру