12 миллион тоннадан астам астық бастырылды

0
50

Қазақстанда кешегі, 20 қыркүйектегі жағ­дай бойынша 12 727,5 мың тонна астық басты­рылды, деп хабар­лайды ҚазАқ­парат тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлі­ме­тінше, есептік кезеңде ауыл­шаруашылық өнімдерін өндірушілер 10 010,4 мың га немесе өңірлердегі жалпы егіс алқабының 66,6% жи­наған.
Астық дақылдарының орташа түсімділігі бір гектардан 12,47 центнерді құрады. 2017 жылдың сәйкес мерзімінде 13 541,9 мың га немесе ҚР облыстарының жалпы егіс алқаптарының 88,4% жиналып, 17 654,8 мың тонна астық басты­рылған. Орташа өнім­ді­лік бір гектардан 13 центнер болған. Қазақ­станда 2018 жылы астық жинау алқап­тары­ның аумағы 15 027,9 мың гектарды құрады. 2017 жылы 15 318,6 мың га болған. Егіс науқаны кезінде жалпы аумағы 15 122,6 мың га алқапқа астық бастырылса, өткен жылы 15 377,2 мың га алқапқа астық егілген.

Жауап қалдыру