100 мың пәтер пайдалануға берілді

0
118

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәй­кес «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы 15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтама­сыз етуге бағытталған. Бағдарлама жүзеге асырылған 2 жылдың ішінде шамамен 200 мыңға жуық отбасы тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.

Тұрғындар игілігі үшін
«Нұрлы жер» тұрғын үй бағ­дарламасы 2016 жыл­дың желтоқсанында қабыл­данды. 2018 жылдың маусым айында ол мемле­кеттік бағдарлама болып қайта бекітілді. Бағ­дарламаның мақсаты – халық үшін тұрғын үй қолжетімділігін арттыру. Мемлекет басшысы Қазақ­стан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жыл сайынғы Жолдауында бағдарламаға оң баға берді.
Индустрия және инфра­құрылымдық даму минист­рлігінің мәліметінше, 2017 және 2018 жылдың 11 айында барлық қаржыландыру көздерінен 22 161 мың м² тұрғын үй пайдалануға берілген. Соның нәтиже­сінде 197 573 отбасы өз тұр­ғын үй жағдайларын жақ­сартуға мүмкіндік алған. Оның ішінде 2017 жылы – 100 812 пәтер, 2018 жылдың 11 айында – 96 761 пәтер берілген.
2018 жылы жалпы 12,1 млн м² тұрғын үйді (немесе 100 мыңға жуық пәтер) пайдалануға беру керек болатын, оның ішінде 1,3 млн м² тұрғын үйі – мемлекеттік инвестициялар есебінен. 2018 жылдың 11 айында 11 млн м² пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспардың 91%-ы. 96 731 баспана салынды немесе жылдық жоспардың 97%-ы орындалды. Жылдық жоспарды 12 айдың қорытындысы бойынша толық көлемде орындау көзделген.
Мемлекеттік бағдарлама басталған 2 жыл ішінде қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі бойынша алдыңғы қа­тарда Астана қаласы, Алматы қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы және Қызылорда облыстары тұр.
Жалпы, 11 айдың қорытын­дысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда респуб­­ликаның барлық өңір­лерінде тұрғын үй құрылысы көле­мінің ұлғайғаны байқалады.
Статистикалық мәлімет­терге сәйкес, бұл көрсеткіш ең жоғары Астана қала­сында – 2,3 млн м² (22 565 пәтер), Алматы қаласында – 1,7 млн м² (15 020 пәтер), Маңғыстау облысында – 978,8 мың м² (8 367 пәтер), Ақтөбе облысында – 707,1 мың м² (5 941 пәтер) және Алматы облысында 682,7 мың м² (4 824 пәтер) болды.
2017 жыл және 2018 жылғы 11 ай ішінде тұрғын үй құрылысына 2044,8 млрд теңге инвестиция салынды.
Осы кезең ішінде мем­лекеттің жұмсалған 1 теңге қаражатына 5,5 теңге жеке инвестциялар тартылды.

 Бағдарламаның басым бағыттары
Тұрғын үй қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекет халыққа көмек көрсету тетіктерін үнемі жетілдіріп отырады. Соның бірі – күн санап артып келе жатқан сұраныс жағдайында халықты өз тұрғын үйімен қамтамасыз етуді көздейтін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы. Бағдар­ламаның негізгі бағыттары: ипотекалық несие­лен­дірудің қолжетімділігін арттыру; тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу; халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалдамалы тұрғын үй қорын құру; жеке тұрғын үй құрылысын дамыту; жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй құрылысына ынталандыру; бұрын қабыл­данған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру. Бағдарламаның бұл бағыттары бойынша қар­жыландыру және субсидиялау тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтарға ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй салушы компаниялар мен ипотекалық несие беретін екінші деңгейлі банктерге де ұсынылады.
Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасында тұрғын үй нарығын дамыту бойын­­ша кешенді шаралар қарас­тырылған. Бұл «Да­му» АҚ-ның мемлекеттік субси­дия­лары арқылы банк­­тік не­сиелердің құнын тө­мен­дету.
ҚР ИИДМ мәліметі бойынша, бүгінде қатысушы-банк­терге жеке құрылыс салушылардан 72,6 млрд теңгеге 84 өтінім түскен. Оның ішінде «Даму» АҚ арқылы 45,2 млрд теңгеге субсидияланған несиелерді беру туралы 51 келісімге қол қойылды. 2020 жылға дейін барлығы 152 млрд теңгеге субсидияланған несие беріліп, 600 мың м² ком­мер­циялық тұрғын үй салу жоспарланып отыр, оның ішін­де 199,6 мың м² салынып болды.
«7-20-25» бағдарла­ма­сы­­ның енгізілуіне байланыс­ты (Президенттің Бес әлеу­меттік бастамасы аясын­да) «Нұрлы жер» мемлекет­тік бағдарламасынан «Қазақ­стан Ипотекалық Ком­па­ния­сы» АҚ арқылы ха­лық­тың бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипо­текалық мемлекеттік бағдарламасы іске асырылғаннан бері 876,9 мың м² несиелік тұрғын үй немесе 14658 пәтер, 248,1 мың м² жалдамалы тұрғын үй немесе 4592 пәтер салынды.
2018 жылы тұрғын үй құ­рылысы салынатын ау­дан­­­­дарға инженерлік ком­муни­кациялық инфра­құры­лымды жүргізуге 42,1 млрд теңге қарастырылған.

 Жеке тұрғын үйлер құрылысы
Мемлекеттік бағдар­ла­маны іске асыру барысында қазақстандықтардың же­ке тұрғын үй құрылысына қызығушылығы артты. Бұл бағытқа жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтар қатыса алады. 2017 жылы облыс орталықтарында жеке тұрғын үй құрылысын жалғыз сәулеттік стильде салу үшін пилоттық жоба іске қосылған болатын. Ол бір құрылыс салушы ар­қылы жергілікті құрылыс материалдары мен үй құры­лысы комбинатының тех­нологиясын қолдануды көз­дейді. Аталмыш технологияларды типтік құрылыс жобаларына қолдану 1м² тұрғын үй құрылысының құнын 120 мың теңгеден асырмауға мүмкіндік береді.
Әкімдіктерде жер телі­мін алуға кезекте тұр­ған­дар пилоттық жо­баға қа­ты­суға және инженерлік ком­­муникациялық инфра­құрылымы жүргізілген да­йын үйді жер телімімен са­­тып алуға, сонымен қатар, Тұр­ғын үй құрылыс жинақ бан­кінен жеңілдетілген несие алуға құқылы.
Осындай тәсілдер ар­қы­лы кезекте тұрғандар үшін ай сайынғы төлем алғашқы 5 жылда – 70 мың теңге, кейінгі 10 жылда – 56 мың теңге болады. Бұл шаралар жыл сайын шамамен 40 мың үйді (4 млн м²) іске қосуға мүмкіндік береді. Мәселен, 2017 жылы 184 үй пайдалануға берілді.
2018 жылы бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұр­ғын үй құрылы­сының пи­лоттық жобалары жал­ғасын тапты. Респуб­ли­ка­лық бюджет есебінен су­мен және электр­мен жаб­­дықтау желі­лері салынып жатыр. Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылы 160 үй пайдалануға берілген. Бұдан өзге, 179 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 20 үйдің жобалық-қаржылық құжат­тары дайындалды. 5,08 мың м² болатын 54 ЖТҚ-ның са­раптама қорытындысы келіп, құрылыс жұмыс­та­рына байқау жарияланды.
Жеке тұрғын үй құры­лы­­сын дамыту аясында 2018 жылы жеке тұрғын үй құ­ры­­лысы үшін 40 мыңға жуық жер телімі инженерлік коммуникациямен жаб­дық­талды.
Қорытындылай келе, елі­міз­де тұр­ғын үй мәселесін шешуге әрдайым баса на­зар аударылатынын атап өт­кен жөн. Мемлекет бас­шы­сының «Қазақ­стан­дық­тардың әл-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артты­ру» ат­ты Жолдауында жоғары сапалы әлеуметтік қызметтер тұрғын үй жағ­дайын жақсарту, еліміз­дің кез-кел­ген елді мекенінде жайлы және қауіпсіз өмір сүру үшін кең мүмкіндіктер туғызумен сабақтасу керектігі айтылды.
Жалпы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­­нистрлігінің мәліметі бо­йынша, тұрғын үй құрылы­­­сы және қаражаттың иге­рілуі ведомствоның тұ­рақ­­ты бақылауында. Тұр­ғын үй құ­рылысы белсенді дамып ке­леді, бұл өз кезегінде аза­мат­тардың өмір сүру жағ­да­йын айтарлықтай жақ­­­сартуға, құрылыс қар­қы­нын өсіруге, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға ық­пал етеді. 2019 жылы қар­жы­лан­дырудың барлық көз­дерінен 13 млн м² астам тұрғын үй пай­да­лануға беріледі деп жос­парлануда. Ал, бұл – 100 мың­нан астам тұрғын үй.

primeminister.kz

Жауап қалдыру