Зілзала құрбандарының саны артты

0
83

Эквадордағы зілзала кезінде қаза тапқандардың тағы бірқатары анықталды.
Соңғы мәліметтерге қара­ғанда жер сілкінісінен көз жұмғандар 480 адамға жеткен. Бұған дейін 350 адамның марқұм анықталған еді. Оған қоса жергілікті «Қызыл Жарты Ай» ұйымы 320 адамды іздестурге өтініш түскенін хабарлады. Олардың арасында жергілікті тұрғындармен қа­тар туристер де бар. Әзірге қиранды арасынан 12 адамның ғана мүрдесі табылған.
Еске сала кетейік, 16 сәуір күні Эквадорда магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі тір­келіп, бірнеше нысан қираған болатын. Табиғи апатқа бай­ланысты ел аума­ғында төтенше жағдай жарияланған.

Жауап қалдыру