Зика вирусын жұқтыратын масалар пайда болды

0
52

Түркияның Артвин, Ризе және Трабзон аймақтарында Зика вирусын жұқтыратын масалар пайда болды. Жуық арада олар Түркияның орталық аудандарында да таралуы мүмкін. «Түркия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Артвин, Ризе және Трабзон аймақтарында Зика вирусын жұқтыратын масалар пайда болды. Өткен жылдың қазан айында аталған аймақтарда тұратын төрт адамның бары анықталды. Олар бұл вирусты Кубаға барып жұқтырған болатын», – делінген ведомство хабарламасында.
Жақын күндерде бұл ауру жұқтыратын масалар Түркияның орталық аудан­дарында және Қара теңіздің солтүстік жағалауында пай­да болуы ықтимал деген болжам бар. Билік мұндай масалардың таралмауына байланысты түрлі шара қолданып жатыр.

Жауап қалдыру