Жойқын зілзала

0
25

26-қазан күні Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында қуатты жер сілкінісі орын алды. Қаза тапқандардың саны 260-тан асып, мыңнан астам адам дене жарақатын алған.
Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 15.09-да тіркелді. Негізгі ауыртпалық Пәкістан мен Ауғанстанға түсті. Қуатты жер дүмпуі Үндістан, Өзбекстан, Тә­жік­стан, Әзербайжан және Қ­­азақ­­станда да байқалды.
Associated Press хабарла­ғандай, геологтардың мәліме­тінше, жер сілкінісінің маг­ни­тудасы 7,5 баллды құ­рады, энергетикалық кла­сы – 15,2, тереңдігі – 150 ша­қы­рым. Жедел қызметтер қаза тап­қандар мен жапа шек­кен­дердің саны өсетіндігін хабарлауда. Өйткені алыс елді мекендерден апат салдары туралы хабар әзірге түсе қойған жоқ. Пәкістан Үндістанның ұсынған көмегінен бас тартып отыр. Ел билігі 180 млн адам тұратын мемлекетте өз ре­сурстары жеткілікті екенін мәлімдеді. Айта кетейік, атал­ған зілзала елімізде де сезілді, Шым­кентте – 4 балдық, ал Таразда 3-4 балдық жер сілкінісі орын алды.

Жауап қалдыру