Жанартау атқылауынан 100-ден астам адам қаза тапты

0
44

Гватемалада жанартау атқылауынан тұтас бір ауыл зардап шегіп, кемінде 100-ден аста адам қаза тапты. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды Washington Post басылымы.
Жанартау атқылай бас­тағаннан кейін лава 3 жа­рым сағаттан соң таудан төмен түсіп, өте үлкен жыл­дам­дықпен жақын маңда­ғы ауылдарға жеткен. Бүгін­де ол 1300 градус ыстық өзенге айналып үлгеріпті. Жа­нартау жексенбі күні атқылай бастаған. Жергі­лік­ті басылымдардың хабар­лауынша, соңғы он жылда Фуэго жанартауы 2 млн-ға жуық адамға залал келтірген. «От жанаратуы» атанып кеткен бұл жанартау бірнеше ай бұрын атқылай бастаған. Бірақ жексенбі күннен бері байқалған белсенділік соңғы жүз жылда болмаған», – дейді ғалымдар.
Фуэгоның аспанын қара түтін­нен тұратын бұлт тор­ла­ған. Тіпті, лава жер­ден бірнеше метр биікке көтері­ліп, жақын маңдағы ауыл­дар­дың біріндегі көпірді 15 секундтың ішінде жойып жіберген. Көпірдің үстіндегі 2 бала тірідей жанып кет­кен. Assosiated Press басылы­мының хабар­лауынша, кей­бір жерлерде лава­ның температурасынан құтқару­шылардың аяқ киімдері еріп, іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде.

Жауап қалдыру