Қытайда жаңа «Ұлы қорған» пайда болады

0
41

Биыл Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде 5700 шақырым шекара бойында шекара бақылауы күшейтіліп, жаңа «Ұлы қорған» құрылады, деп хабарлайды China Daily.
Шыңжаңдағы «Ұлы қорған» өңірге ше­тел­ден экстремизмнің, сепаратизм мен террориз­мнің кіруіне жол бермеу мақса­тында құрылмақ, деп мәлімдеді өңірдің төрағасы Шохрат Закир. Шенеуніктің айтуынша, ел билігі маңызды облыстардағы қауіпсіздікті толықтай қамтамасыз ету үшін бар мүмкіндігін пайдалануда. Сондай-ақ, өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қолдау үшін ШҰАӨ билігі шекара аудандарында инфрақұрылымды дамытып, Интернеттегі қауіпсіздік және бақылау шараларын кү­шейту жоспарланғанын хабарлады.

Жауап қалдыру