Қытайда iPhone смартфонын сатуға тыйым салынды

0
153

Сот шешімі Қытайда iPhone-ның жеті үлгісінің сатылуына тыйым салды.
Apple АҚШ-Қытай сауда-саттық соғысының құрбаны болды, деп жазады әлемдік БАҚ өкілдері. iPhone смартфонының жеті үлгісін өндіру және сатуға тыйым салу туралы сот шешімі қабылданған соң, Apple-дің акциялары да күрт арзандап кетті. 1 трлн доллардан асатын компанияның нарықтық құны 800 млрд-қа төмендеді.
Қытайдың Фучжоу қаласы­ның халықтық соты Қытайға iPhone-ның жеті үлгісін (iPhone 6S, 6S Plus, iPhone 7, iPhone 7 Plus, iPhone 8, iPhone 8 Plus және iPhone X) әкелуге және сатуға тыйым салды.
Сот мәліметтері бойынша, бұл өнімдер фотосуреттерді жөндеу және сенсорлық басқаруға байланысты екі Qualcomm патентін бұзады.

 

Жауап қалдыру