Қытай шағын кәсіпорындарын жаппақ

0
32

Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ағымдағы жылдың соңына қарай Бейжіңнің төрт ауданы – Фэнтай, Фаншан, Тунчжоу және Дасинде 2500 шағын кәсіпорынды жабу жоспарланып отыр.
Ал 2017 жылы қалада осын­дай кәсіпорындардың қыз­­метін тоқтату бойынша жұмыстың аяқталуы күтілуде. Бұл туралы қала мэриясынан хабарлады. Мәлім болғандай, екі жыл бойы Бейжің билігі қаладағы Дунчэн, Сичэн, Хайдянь, Чаоян, Фэнтай және Шицзиншаньді қоса алғанда алты басты ауданда көмірдің пайдаланылуына толық тыйым салмақ. Қала әкімшілігі үйлерін көмірмен жылытатын 600 мың отбасы алдағы бес жылдың ішінде экологиялық таза энергия көздерін пайдалануға көшеді деп есептеп отыр.

Жауап қалдыру