Қытай қорғаныс бюджетін ұлғайтпақ

0
110

Қытай алдағы жылдарға арналған қорғаныс бюджетін ұлғайтуды көздеп отыр. Әйткенмен, билік ел саясаты «мінсіз бейбіт» күйде қалып отырғанын айтуда. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиынының (БХӨЖ) өкілі Чжан Есуй елдің дамуы тек бейбіт сипатта екенін мәлім етті.
Әскери бюджетті ұлғайту бойынша билік жоспарына түсініктеме берген шенеунік бұл басқа елге қауіп төндіріп тұрмағанын атап өтті. «Қытайдың дамуы ешқан­дай үшінші елге қауіп төндірмейді… Әскери бю­джет елдің даму деңгейі мен қауіпсіздік саласындағы оның мүдделерін айқындауы керек», – деді Қытайдың бұ­­рын­ғы заң шығару ор­ганының өкілі.
Оның айтуынша, Бейжің өзінің қорғаныс саясатын өзгерткен жоқ және бұрын­ғысынша қорғаныс үшін басқа елдерге қарағ­анда ЖІӨ-нің аз үлесін ғана бөлуде. «Соңғы жылдары Қытай өз әскери бюджетін бір­қалыпты қарқынмен ұл­ғай­тып келді. Негізінен, бұл қару-жарақты жаңарту, әс­ке­рилердің өмірін жақ­сарту үшін жасалды», – деді Чжан Есуй.
Алайда, ол Қытайдың қорғаныс бюджеті қанша сомаға ұлғаятынын айтқан жоқ. Еске сала кетсек, 2017 жылы Қытай билігі қорғаныс бюджетін 7%-ға ұлғайтып, 151 млрд доллар қаржы құйған болатын.

Жауап қалдыру