Қытай мен АҚШ жаңа сауда келісімін жасауға уағдаласты

0
16
FILE PHOTO - U.S. President Donald Trump and Chinese President Xi Jinping (R) shake hands prior to a meeting on the sidelines of the G20 Summit in Hamburg, Germany, July 8, 2017. REUTERS/Saul Loeb/Pool/File Photo

Аргентинада өткен G20 саммиті кезінде АҚШ және Қытай басшылары Дональд Трамп пен Си Цзиньпин 90 күн ішінде жаңа сауда келісімін жасауға уағдаласты, деп хабарлайды Washington Post.
«Трамптың Республикалық партиядағы қызметтестері, инвесторлар, бүкіл әлемдік экономика асыға күткен келісімге Буэнос-Айрестегі іскерлік кешкі ас кезінде қол жеткізілді», – деп жазады басылым. АҚШ президенті Қытайдың жалпы құны 200 миллиард АҚШ долларына дейінгі өнімдеріне қойы­латын тарифті 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 про­центтен 25 процентке дейін арт­тырмауға келісті.
Дегенмен, егер тараптар үш айлық мораторий кезінде келісімшарт жасаспаса, ке­лер жылдың қаңтарынан бас­тап кедендік баж тарифі 25% дейін шарықтайтын бола­ды. Қытай тарапы АҚШ-тан ауылшаруашылық өнім­дерін, энергия тасы­ғыштарды, өнеркәсіптік және басқа да тауарларды сатып алуға келісті. Сатып алу кө­лемі үлкен болатыны бел­гілі, бірақ нақты цифрлар әзір­ге анық емес.
Washington Post басылы­мының жазуынша, биыл Вашингтон мен Бейжің ара­сында «сауда соғысы» бас­талған болатын. АҚШ Қы­­тай­дан импортталатын, жал­­пы құны 200 миллиард АҚШ дол­ларын құрайтын тауар­ларға 10% мөлшерінде кедендік баж енгізген. Қытай да бұған жауап ретінде бірнеше шаралар қарастырған болатын.

Жауап қалдыру