Қырғызстанның экс-премьері қамауға алынды

0
69

5 маусымда Қырғызстан бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды. БАҚ-тың хабарлауынша, Бішкектегі Первомайский аудандық соты Искаковты тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарған.
Исаковқа Бішкектегі Жы­лу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыс­тық іс аясында «сыбайлас жемқорлық» айыбы тағыл­ған. Исаков 29 мамырда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінде (ҰҚМК) кезекті рет тергелді. Ол алғаш рет тергеуге 26 сәуірде шақырылған.
Тергеу болжамы бойынша, Сапар Исаков 2013 жылы Қырғызстан президенті аппа­ра­тында сыртқы саясат бөлімін басқарып тұрған кезінде, «Бішкек қаласы ЖЭС-ін модернизациялау» жобасын жүзеге асыру бары­сында қызметін пайдаланып, мердігерді конкурста іріктеп алу кезінде шетелдік компа­нияның мүддесін қорғаған. Нәтижесінде мемлекетке орасан зор шығын келген.
Айта кетейік, «Бішкек ЖЭС ісі» бойынша Бішкек қаласының экс-мэрі Куба­нычбек Кулматов та қамауға алынды.

Жауап қалдыру