Қырғызстанның экс- премьері айыпталуда

0
37

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа сыбайлас жемқорлық фактілеріне байланысты айып тағылды.
Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатқан қылмыстық іс ая­сын­да елдің бұрынғы Үкімет бас­шысы Сапар Исаковқа қатысты Қырғызстанның ҚК 303-ба­бының 1-бөлігіне (сы­бай­лас жемқорлық) сәйкес айып тағылып отыр. Және одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Белгілі болғандай, Исаков 2013 жылы Президент Аппараты жетекшісінің орынбасары болып жүргенде «Бішкек қаласының ЖЭО жаңғырту» жобасын іске асыру кезінде өзінің лауазымдық өкілеттілігін пайдаланып, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген.

Жауап қалдыру