Қырғызстанда жаңа премьер-министр

0
191

Жуырда Қырғыз Республика­сы Пре­зи­денті Ал­маз­бек Атамбаев премьер-ми­нистр ла­уазы­мына Темір Са­риев­тың кан­ди­да­ту­ра­сын бекітті. Бұл ту­ра­лы Қыр­ғыз Республикасы Пре­зи­ден­тінің баспасөз қыз­ме­ті ха­бар­лады.
Онда «Президент Үкімет­тің жа­ңа құрамы туралы Жарлық­қа қол қойды», – делінген. Жоомарт Оторбаевтан кейінгі премьер-министрді Қырғыз парламенті бейсенбі күні таңдаған болатын. Айта кетейік, Темір Сариев осыған дейін экономика министрі қызметінде болған.

Жауап қалдыру