WhatsApp-қа кибер шабуыл жасалды

0
68

Жақында WhatsApp кибер шабуылға тап болғанын хабарлаған болатын. Осы ретте ВВС басылымы аталған әлеуметтік желідегі қауіпсіздікті қалай сақтауға болатыны туралы материал жариялады.
«Осы айдың басында хакер­лер WhatsApp ау­дио­бай­ланысы арқылы кей­бір аккаунттарға ша­буыл жасаған. Ал дүйсен­бі күні WhatsApp 1,5 мил­лиард қолданушысына қо­сым­шаны жаңартуды сұ­рады. Сол арқылы құрыл­ғы ки­­бершабуылдан қорға­­­латыны да айтылды» дей келе, автор WhatsApp хабар­ла­малары шифрлан­ғанымен, чаттар­дың резервті көшірмесін жасаудың кемшіліктері бар екенін, сондықтан одан бас тарту керектігін жазады. «WhatsApp қосымшасында «Баптау> Аккаунт> Құ­пия­лық» деген жерде қауіпсіздікке байланысты барлық ақпарат сақталған. Сол жерде сіздің әлеуметтік желіге қашан кіргеніңізді, профиль суретін көре алатын адамдарды шектей аласыз. Сонымен қатар хабарлама оқылғаны туралы ақпаратты да өшіріп тастауға болады», деп жазады автор. Оның айтуынша, кибершабуылға көбіне журналист, құқық қорғау органдарының өкілі, заңгер мен қоғам белсен­ділері көп тап болады.

 

Жауап қалдыру