Венесуэлада жаңа президент сайланды

0
62

Өткен жексенбі күнгі президент сайлауында Венесуэланың жаңа президенті Николас Мадуро деп жарияланды. Дегенмен, дауыс беру және оның нәтижесін санау ел ішінде де, сыртында да көптеген сынға ұшырауда. Венесуэла Ұлттық сайлау кеңесінің басшысы дауыс беру қорытындысын жариялаған соң Каракаста Мадуро өз жеңісін тойлап бастады.
«Мен президент қызметін атқаруға әбден дайынмын. Сіздер маған сендіңіздер, 68 пайыз дауыс берген тұрғындарға алғыс айтамын. Үміттеріңізді ақтаймын», – деді Мадуро, Мирафлорес президент зәулім сарайының алдында жиналған халыққа. Мадуро 2013 жылы Уго Чавес қаза тапқан соң билік басына келді. Енді ол Венесуэла мемлекетін 6 жыл басқарады. Ресми түрде бұл сайлау мерзімі 2019 жылы қаңтарда басталып, 2025 жылы аяқталады.
Экономикалық қыспақта қалған елдің алдында сөз сөйлеген прези­дент енді «жаңа фазаға» өтіп, мафияға қар­­сы күрес жүр­гі­зетінін айтты.
Де­генмен, сайлау қо­ры­тындысы жа­рия­ланған соң, көп­теген тұр­­ғындар өз наразылық­та­рын білдірген. Сай­лауал­ды ше­неуніктері осы на­разы­лық­тардың бәрі қарас­ты­рылып, жауап бере­тіндерін айтты. АҚШ бас­таған көптеген көрші ел­дер Венесуэланың бұл сай­лауын «жалған» деп, мойын­дамай отыр.

Жауап қалдыру