Венесуэла өз криптовалютасын сатпақшы

0
126

Petro деп аталатын венесуэлалық криптовалютаның сатылымы елде сейсенбі күні басталды.
Қаңтар айының басын­да президент Нико­лас Ма­дуро аталмыш цифр­лық валютаның бар­лығы 100 миллион бірлігі шығары­латынын мәлім­деген еді. Оның 82,4 миллионы бірінші кезеңде инвесторларға қол-жетімді болады. Крипто­валютаның бір бірлігі Вене­суэла мұнайының бар­релі­мен бірдей – қазіргі таңда 60 долларды құрайды. El Petro криптовалютасының бас­қалардан айырмашылығы – ол нақты активті қамтамасыз етеді. Мадуроның жарлы­ғымен осы мақсатта Ори­ноко өзеніндегі Аякучо кен орнынан 5 миллиард бар­рель мұнай алынған. Билік криптовалютаны шетелден қаражат тартуға мүмкіндік береді деп есептейді. Бұл өз кезегінде елдің дағдарыстан шығуына ықпал етеді.

Жауап қалдыру