Улы зат тиелген кеме суға кетті

0
160

Коста-Риканың Тынық мұхиты жағалауында токсиндік хи­микаттар тиеген жүк кемесі суға кетіп, ел билігі бұл аймақ­ты апатты деп жариялады. Оқиға Пунтаренас деп аталатын курорттық қалаға жақын жерде орын алған.
Кеме бортында шамамен 200 тонна аммиак селитрасы бол­ған. Оны әдетте тыңайтқыш жә­не жа­рылғыш зат жасар кезде қол­да­на­ды.
Коста-Риканың Төтенше жағ­дай­лар бойынша комиссиясы тұр­ғын­дардан бұл аймақта шомылмауын және балық ауламауын талап етіп отыр. Қа­зір­гі таң­да судың құрамы сараптамадан өтуде.

Жауап қалдыру