Трамп мұғалімдерге қару беруді ұсынды

0
97

АҚШ президенті Дональд Трамп мұ­ғалімдер мен мектеп жұмысшыларына қылмыскерлердің шабуылынан қор­ғайтын қаруды жасырын түрде ұстау­ларына рұқсат етуді ұсынды.
Флорида штатының Паркленд қаласын­дағы бұрынғы оқушы мектептегі 17 адам­ды атып өлтірген оқиғадан кейін Аме­рика Құ­рама Штаттарында қару-жарақ айна­лы­мына қатысты шектеулер туралы тал­қы­лау қайта жандана түсті.
«Мұны мұғалімнің қаруды жасырын ұс­тауы деп айтуға болады. Егер педагогқа қару ұстауға рұқсат берсек, олар арнайы дайын­дықтан өтеді. Мектепте қаруланған мұғалім­дердің барын біліп, қылмыскерлер қару әкелуге тәуекелге бармайды», – деді Трамп мек­теп мұғалімдері мен оқушыларымен кез­десу барысында.

Жауап қалдыру