Трамп алғашқы жарлыққа қол қойды

0
178

20-қаңтарда Вашингтонда ұлықтау рәсімі өтіп, Дональд Трамп АҚШ-тың 45-президенті ретінде қызметіне кірісті.

Салтанатты шарада ант берген Трамп «елдегі ескерусіз қалған» әлеуметтік топ өкіл­деріне жәрдем беруге, жаңа жұмыс орындарын ашып, ха­лықаралық терроризммен кү­ресті күшейтуге уәде берді. АҚШ президенті Дональд Трамп ұлықтау рәсімі аяқталған соң дәстүрге сәйкес салтанатты түскі астың алдында Конгресс ғимаратында алғашқы жар­лықтарға қол қойды.
Прези­дент құжаттарды бе­кітуге бір­­­неше қалам қол­данып, олар­ды жақын­дарына естелік сый ретінде таратты. Трамп үкі­метінің жаңа мүше­лерін тағайындау туралы жар­лықтарға қол қойып, Сенаттың қарауына жіберді.
Президент бекіткен құжат­тардың ішінде Тынық мұ­хиты альянсынан шығу туралы қаулы да бар. Естері­ңізде болса Обама бұл одаққа АҚШ-тың мүше болуын ма­ңызды оқиға деп санаған еді.

Жауап қалдыру