Toyota 600 мың көлігін кері қайтаруда

0
113

Toyota корпорациясы әлем бойынша шамамен 645 мың автокөлікті кері қайтарып алатындығын мәлімдеді.
Көліктерді кері қайтарып алуға соқтығысу кезінде қауіпсіздік жастықтарының ашылуына кедергі келтіруі мүмкін электр сымдар жүйесіндегі ақау себеп болған. Компанияның мәліметі бойынша мұндай ақаулар Toyota Prius, сондай-ақ 2015 жылдың мамырынан 2016 жылдың наурызына дейін шығарылған жол талғамайтын Lexus RX және NX көліктерінің кейбірінде болуы мүмкін. Сондай-ақ, Toyota Alphard, Vellfire, Sienta, Noah, Voxy, Esquire, Probox, Succeed, Corolla, Highlander, Levin мен Hilux-тің бірқатар үлгілері кері қайтарылады.

Жауап қалдыру