Telegram мессенджері бұғатталды

0
61

Федералдық қызмет байланыс операторларына Ресей территориясында Telegram мессенджерін бұғаттауды тапсырды.
Олар осы сәттен бастап аталған мессенджер түрін бұғаттаулары тиіс. «Бай­ланыс саласындағы Ресей федералдық қызметіне Та­ган аудандық сотынан үкім келіп түсті. Аталған үкімде Ресей территориясында Telegram Messenger қол­жетім­ділікті шектеу мәсе­лесі қаралған. Осыған бай­ла­нысты 16 көкек күні байланыс операторларына тапсырмалар жіберілді», – делінген хабарламада. РФ заң­намасына сәйкес, мес­сенд­жер Ресей аумағын­да 24 сағат ішінде бұғат­талуы тиіс.

Жауап қалдыру