Таяу Шығыста соғыс басталуы мүмкін

0
145

Иран және Израиль арасында соғыс басталу қаупі бар. Мұндай қорытындыны Таяу Шығыс елдерінің әрекетіне сараптама жасаған The National Interest басылымының мамандары жасады.
Зерттеу авторлары Иран қазірдің өзінде аймақтағы белсенділігін көрсетіп келеді дегенді айтады. Оның Ислам революциясы қарауыл кор­пусындағы әскерлері Си­риядағы соғысқа қатысып жа­тыр. Сонымен қатар, Иран ливандық «Хезболла» ұйы­мының отрядтарын қол­дайды.
Мұнымен қоса, ақпанның бірінші жартысында Иран мен Израиль өзара қақты­ғысып қалған болатын. Ма­қала авторлары израиль­дік әскерлер өз терри­то­рия­сында ұшып жүрген ұш­қыш­сыз әуе нысанын қолға түсіргенінен соң Иран қарулы күші израильдіктерге қарсы соққы жасағанын атап өтеді. Егер жағдай одан әрі ушыға беретін болса, онда 2019 жылы Иран мен Израиль арасында соғыс туындауы мүмкін.

Жауап қалдыру