Тайип Ердоған жеңіске жетті

0
96

Түркияның жоғары сайлау комиссиясы елдегі президенттік және парламенттік сайлаудың алғашқы мәліметтерін жариялады. Hurriyetdailynews.com сайты таратқан мәліметке сүйенсек, саналған дауыстардың 56,9 пайызы қазіргі президент Режеп Тайип Ердоғанға берілген. Екінші орында Мухаррем Инже тұр. Оған электораттың 28,4 пайызы дауыс берген көрінеді.
Ал парламенттік сайлау бойынша Әділет және даму партиясы оқ бойы озып тұр. Оған сайлаушылардың 48,1 пайызы дауыс берген. Бұдан кейінгі орындағы Мемлекеттік халық партиясын электораттың 18,6 пайызы таңдаған екен. Жалпы, Түркияда 60 миллионға жуық сайлаушы бар. Биылғы сайлауға соның 87,1 пайызы қатысқан. Ел аумағындағы сайлау учаскелері жексенбі күні таңғы сағат сегізде түгел ашылды, ал шетелдегі Түркия азаматтары 19 маусым күні дауыс берген болатын.
Ал Тайип Ердоғанның айтуынша, сайлау күнгі қауіпсіздік пен еркіндіктің көрінісі – түрік демократиясы жетістігінің көрсеткіші. «Сай­лауға келушілер саны 90 па­йызға жетіп, әлемнің көп­теген елдеріне үлгі көрсеттік. Ең бастысы Түркияның бар­лық жерінде сайлауды ұйым­дастырудың жоғары дең­гейде болғанына көңі­ліміз толады», – деді түрік көшбасшысы.

Жауап қалдыру