Түркия президентіне қарсы наразылық акциясы өтті

0
102

Ыстамбұл орталығында ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның үкіметіне қарсы митинг өтті. Наразылық акциясына он мыңдаған адам қатысты.
Митингке шықпас бұрын олар Анкарадан Ыстамбұлға дейін 400 шақырымнан астам қашықтықты маршпен жүріп өткен. «Әділдік маршы» Түр­кия астанасында 15 мау­сымда басталыпты. Акцияға қатысушылар қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуы мен қамауға алынуына нара­зылық білдіріп, бас көтерген. Айта кетсек, былтыр жаз­да Түркияда бір топ әскерилер бүлік шығарып, әскери төңкеріс жасамақ болған еді. Алайда олардың пиғы­лы іске аспады, төңкеріс сәтсіздікке ұшырады. Осыдан кейін елде жүздеген мың адам жұмыстан шығарылып, тұтқындау опе­рациясы бас­талған болатын.
Ердоған акция қатысушы­ларын терроризмге қолдау көрсетті деп айыптап, маршқа мұрындық болған Республи­калық халық партиясын оппо­зи­циялық қызметтің шегінен шығып, лаңкестік топтармен бірге әрекет етіп жүр деп мәлім­деді. Айта кетсек, пар­тия мүшелерінің бірі Энис Бербероглу Сирияға бет алған жүк көліктерді (көліктер Ұлт­тық барлау ұйымына тиесілі) тінту туралы істің мән-жайын баспасөзге жария еткені үшін 25 жылға сотталған еді. Осы оқиғадан кейін партия лидері Кемаль Кылычдароглу жақтастарын «Әділдік мар­шына» шақырған болатын.

Жауап қалдыру