Страсбургте атыс ұйымдастырған күдікті анықталды

0
37

Страсбург қаласында атыс ұйымдастырды де­ген күдікті анықталды. Бұл туралы Францияның Ішкі істер министрлігінен мәлім етті.
Франция ІІМ-нің ақпара­тынша, ер адам 29 жаста. Оның есімі тергеу мүддесіне орай жарияланбайды. Сейсенбі күні болған атыс салдарынан күдікті жарақат алған. Бірақ ол оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. Полиция қылмыскердің ел аумағынан шығып, көршілес Германияда жүргенін жоқ­қа шығармайды. Атап өтіл­гендей, ер адам «қоғам­ға қауіп төндіретін тұлға» ретінде есепте тұрған. Бірақ бұрын-соңды лаңкестік қыл­мыс­тарға қатысы бол­ма­ғаны атап өтіледі. Фран­ция прокуратурасы лаңкес­тік бабы бойынша іс қоз­ғады. Ел билігі шека­ра­дағы бақылауды кү­шейт­ті, жолдарға полиция жасақтары қойылған. Жи­на­лыстар мен митингтерді ұйымдастыруға тыйым салын­ды.
Еске салсақ, сейсенбі күні кешкілік Страсбург қа­ласының орталығында, рождестволық жәрмеңкеге жақын маңда адамдарға атыс қаруынан шабуыл жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақаттанды.

Жауап қалдыру